Жапонияның мега жер сілкінісі қаупі
Жапонияның мега жер сілкінісі қаупіЖапония "мега жер сілкінісі туралы ескерту" жариялады. Бұл – Нанкай шұңғымасында алдағы 30 жылда магнитудасы 8.0 немесе одан жоғары деңгейдегі жойқын жер сілкінісінің 70% ықтималдықпен болатыны туралы ескерту. Бірақ бұл апаттың әсері қандай болмақ?
FP Global Japan Megaquake Thumbnail
17. decembar 2024

ЕСКЕРТУ: Бұл мақалада табиғи апаттар талқыланады, кейбір тыңдаушыларды бұл мазасыз етуі мүмкін.

Жапония жоғары дайындық режимінде. Ғалымдар әлеуетті "мега жер сілкінісі" туралы ескерту жасады. Бұл сілкіністің күші соншалықты, тарихты қайта жазып, жүз мыңдаған адамның өміріне қауіп төндіруі ықтимал. Бірақ мега жер сілкінісі деген не және ол біз білетін жер сілкіністерінен қалай ерекшеленеді?

Тақырыпты ең басынан зерттейік. Жердің сілкінуіне не себеп болады?
Аяғымыздың астындағы жер қатты болып көрінгенімен, ол мүлдем тұрақты емес. Жердің қыртысы жеті үлкен және бірнеше шағын тектоникалық плитадан тұрады. Бұл плиталар сұйық жыныстар қабаты мантияның үстінде жүзетін алып пазлдың бөліктері сияқты.

Мантиядағы конвекциялық ағындардың әсерінен плиталар қозғала бастайды, бір-бірімен үйкеліп немесе сырғып өтеді. Кенеттен болған осы қозғалыс энергияны босатып, жерді сілкіндіреді.

Күн сайын мыңдаған жер сілкінісі болады, бірақ олардың көпшілігінің әлсіздігі соншалықты, тек сейсмография құралдары ғана анықтай алады.
Жер сілкінісінің күші Рихтер шкаласы бойынша 1-ден 10-ға дейін өлшенеді. 5-ші деңгейден бастап ғимараттар зақымдана бастайды. Ал одан жоғары көрсеткіштер бүкіл аймақтың қауіпсіздігіне үлкен әсер етеді.

"Мега жер сілкінісі" –Рихтер шкаласы бойынша 8.0 немесе одан жоғары деңгейге жететін сілкініс. Мұндай сілкіністің күші мен қарқыны ландшафты толықтай өзгертуге жетеді.
Сонымен қатар ол цунами, көшкін және өрт сияқты апаттарды да қоздырады.

Жер сілкінісінің күші оның қанша энергия шығарғанын да көрсетеді. Салыстырмалы түрде айтқанда магнитудасы 7.0 болған жер сілкінісі шамамен 500 мың тонна тротилдің жарылысына тең энергияны босатады. Ал Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Хиросимаға тасталған ядролық бомба тек 15 мың тонна тротилге тең болған. Бұл дегеніміз магнитудасы 7.0 жер сілкінісі 30 ядролық бомба жарылысымен тең.
Ал магнитудасы 8.0 жер сілкінісі 7.0 деңгейлі жер сілкінісінен шамамен 1000 есе көп энергия шығарады. Бұл бір оқиғаға орасан энергияның шоғырланғанын көрсетеді. Жапония сияқты кейбір аймақтар мұндай апаттарға көбірек бейім.

Жапония – әлемдегі сейсмикалық белсенділігі ең жоғары елдердің бірі.
Жапондар үшін жер сілкінісі – өмірдің ажырамас бөлігі. Жапониядағы жер сілкіністерінің басым бөлігінің әлсіздігі соншалықты, оларды ешкім сезбейді. Дегенмен кейде материкті қатты шайқайтын ірі сілкіністер де болады.

Жапонияның негізгі аралының оңтүстігінде орналасқан Нанкай шұңғымасы – ел тарихындағы ең қуатты жер сілкіністерінің ошағы. Бұл шұңғыма Шидзуока қаласынан (Токио маңында) Кюсю аралының оңтүстік нүктесіне дейін созылған терең су асты жарығы.

Бұл жер екі тектоникалық плитаның түйіскен жері. Біреуі — Жапония орналасқан Еуразия құрлық плитасы, ал екіншісі — Филиппин мұхиттық плитасы. Мұхиттық плита құрлық плитасының астына жылжығанда құрлықтық плитаның шетін сүйреп, кернеу туғызады. Ақырында төменге иілген құрлықтық плита өз шегіне жетіп, бастапқы орнына секіріп келеді, бұл жер сілкінісін тудырады.

Бұл жер сілкіністері Нанкайдың мега жыралық жер сілкіністері деп аталады және олардың күші әрқашан орасан зор. Кейбір мега жер сілкіністер қосарланған түрде болады. Осылайша бір ірі сілкініс жердің қалпына келуіне уақыт қалдырмай тағы бір сілкініске жол ашады. Мұның ең әйгілі мысалы – 1707 жылы Фудзи тауының атқылауын тудырған сілкініс.

Қазіргі таңда Жапония үкіметі бұл аймақта тағы бір мега жер сілкінісінің болатыны туралы ескерту жасады.

Жапонияның метеорологиялық қауымдастығы 2024 жылы осы аймақта болжалған жер сілкіністеріне қатысты ескерту жариялады. Бұл жаңа нұсқаулықтар 2011 жылғы жойқын жер сілкінісі мен цунами кезінде енгізілген болатын. Ол апат шамамен 18,500 адамның өмірін қиып, Фукусимадағы ядролық апатқа әкелген.

Қауымдастықтың айтуынша болашақтағы Нанкай шұңғымасындағы жер сілкіністері Жапонияның оңтүстік жағалауындағы қуатты цунамилерді тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл ескерту өте маңызды деп есептелуде.

Дегенмен бұл ескерту ірі жер сілкінісінің жақын арада болатынын хабарламайды. Бұл тек жер сілкінісінің болу ықтималдығының жоғары екенін көрсетеді. Сарапшылардың айтуынша алдағы 30 жыл ішінде магнитудасы 8.0 немесе одан жоғары жер сілкінісі болу ықтималдығы 70% құрайды. Ең нашар сценарийде 300 000 адамның қаза табуы және тас жолдар, порттар мен электр желілері сияқты маңызды инфрақұрылымның жойылуы ықтимал.

Сонымен адамдар бұл жағдайға қалай дайындалуы керек? Жапония жер сілкінісі аймақтарында тұратындарға қарапайым, бірақ маңызды сақтық шараларын қабылдауды еске салады. Бұған ауыр жиһаздарды бекіту, тамақ, су және қалта шамы бар төтенше жағдай жинағын дайындау және эвакуациялау жолдарын білу кіреді.

Жапония ғалымдары мега жер сілкіністерінің қаупін азайтудың жаңа тәсілдерін үздіксіз зерттеуде. Бұл ерте ескерту жүйелерін жетілдіру, инфрақұрылымды нығайту және сейсмикалық белсенділікті зерттеуді қамтиды.

Мысалы Жапонияның «Жер сілкінісі туралы ерте ескерту» жүйесі сілкіністі анықтайтын сенсорлар желісін пайдаланады.  Бұл жүйе адамдарға әрекет ету үшін бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейінгі маңызды уақытты қамтамасыз етіп, көптеген өмірді сақтап қалды.

Сонымен қатар Жапония жер сілкіністері мен цунамиге төтеп беру үшін ғимараттар мен инфрақұрылымды нығайтуда. Ескі ғимараттарды қайта жабдықтаудан бастап, жаңа құрылыс кезінде озық сейсмикалық технологияны қолдану сияқты шаралар қабылдануда. Бұл әрекеттердің мақсаты – залалды барынша азайтып, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Осылайша мега жер сілкіністері қорқынышты болғанымен Жапония қолданған шаралар үміт береді. Ғылым жер сілкіністерін нақты болжаудың мүмкін емес екендігін айтып, ең бастысы қорықпай, бұл апаттарға алдын ала дайындалу керек екендігін ескертеді. Ал ең жақсы дайындық — ақпарат оқып, алдын ала дайындалу.

Бұл мақалада қолданылған ақпарат «TRT World» мақаласынан алынды.

Іздеу
Судан тамыздың басында тырысқақты індет деп жариялады
Оңтүстік Кореяның депутаттары президенттің әскери жағдай жариялауын қабылдамады
Түркия ұшқышсыз ұшақ аппараты секторында Қытай мен АҚШ-ты басып озып, көшбасшы атанды
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
Президент Ердоған: "Ливандағы атыстың тоқтатылғанына қуаныштымыз"
Трамп экспансионист пе? Америкадағы АҚШ оккупацияларына көзқарас
Нетаньяхудың Израиль сот жүйесін қайта қарастыруға талпынысының шынайы себебі
Иран соғысқа қарсы Трамп пен қауіпсіздікке бей-жай қарамайтын діни қызметкерлердің арасында
Нан алуға барған бала Израиль шабуылынан қаза тапты
Жоғалған ұрпақ: Гаитидегі балалар қылмыстық топтардың құрбанына қалай айналуда?
Вашингтонның Қытайдың Африкадағы ықпалын шектеу ұмтылыстары сәтсіздікке ұшырауда
Непал әйелдері гүл жинауды түрлі-түсті индустрияға айналдырды
Кенияда мүйізтұмсықтарды қорғау үшін жасанды интеллект іске қосылды
«Өзеннен теңізге дейін» сөзі нені білдіреді?
Ғарышта ауыл шаруашылығы: үлкен келешегі бар кішкентай өсімдік
TRT Global-ды көріп алыңыз. Өз пікіріңізбен бөлісіңіз!
Contact us