САЯСАТ
5 минут оқу
Нетаньяхудың Израиль сот жүйесін қайта қарастыруға талпынысының шынайы себебі
Беньямин Нетаньяху өз билігін нығайту және жауапкершіліктен қашу үшін саяси жікшілдікті тереңдету, онсыз да әлсіз коалицияны әлсірету және Израиль экономикасын тұрақсыздандыру қаупіне барып отыр.
Нетаньяхудың Израиль сот жүйесін қайта қарастыруға талпынысының шынайы себебі
Палестинские демонстранты несут плакат, изображающий израильского премьер-министра Биньямина Нетаньяху в виде дьявола с надписью «Нетаньяху - ублюдок», во время акции протеста против разрушения Газы в годовом конфликте Израиля и ХАМАС в Джокьякарте 13 октября 2024 года. (Фото ДЭВИ РАХМАН / AFP)
2025. február 14.

Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху өз үкіметіне сот тағайындауларында  бақылауды көбірек беретін және елдің Жоғарғы сотының тәуелсіздігін айтарлықтай әлсірететін даулы сот реформаларына күш салуын жалғастыруда.

Биылғы жылдың басында жаппай наразылықтарға себеп болған бұл ұсыныстар Израиль тарихындағы ең ірі шерулерге әкеліп, заңнаманың уақытша тоқтатылуына жол ашқан болатын. 

Нетаньяху үкіметі бұл реформаларды демократияны нығайту үшін қажет деп ақтайды. Одақтастары да Жоғарғы соттың парламент жұмысына «араласуын» тоқтатуды қолдайтындарын айтты.

Алайда шындық мүлдем басқа.

Жауапкершіліктен қорқу

Нетаньяхудың сот жүйесін қайта қарау әрекетін қайтадан жылдамдатуы оның осы аптада пара алу, алаяқтық және сенімді теріс пайдалану бойынша айыпталған жемқорлық ісіне байланысты сот алдына шығуымен сәйкес келді.

Сондай-ақ 7 қазанда ХАМАС басшылығымен Израильге жасалған шабуылдар үшін жауапкершілікті анықтауға қоғам тарапынан талаптар күшейе түсуде. Ауқымды сот тергеуі Нетаньяху үкіметінің дайындық деңгейі – немесе дайын болмауы – туралы зиянды мәліметтерді ашып, Нетаньяхудың өзін қоса алғанда, жоғары лауазымды тұлғаларды жауапқа тартуы мүмкін.

Осы тұрғыдан алғанда, бұл реформалар қағидаттарға емес, премьер-министр мен оның үкіметін бтергеу және оның салдарынан қорғауға бағытталғандай көрінеді.

Шабуылдан аман қалғандар мен тұтқындардың туыстарының бастамасымен жақында жарияланған қатаң комиссия есебі Нетаньяхуды жоғары деңгейдегі шешім қабылдау механизмдерін бұзу және 7 қазандағы шабуылға жол ашқан жағдайларды қалыптастыруға ықпал ету бойынша айыптады.

Егер Жоғарғы сот Нетаньяхудың әрекеттеріне қатысты тергеуді тексеру үшін партиядан тәуелсіз судья тағайындаса, премьер-министр болдырмауға тырысқан сценарий жүзеге асып, қоғамдағы кең таралған наразылық арта түсуі мүмкін.

Мемлекеттік тергеу комиссиясы іске қосылған жағдайда, ол Нетаньяхудың соғысқа дейінгі әрекеттерін мұқият зерттеу және оны жауапқа тарту үшін көптеген куәгерді тарта алады. Бұл Нетаньяхудың жауапкершіліктен жалтару әрекеттерін және кінәні әскерге аудару ниетін қиындатуы мүмкін.

 

 

 

Дегенмен қоғамдық қысым өз ықпалын көрсете бастады. Израильдің әділет министрі, Нетаньяхудың сенімді адамы және сот жүйесін қайта құру жоспарының бас сәулетшісі Ярив Левин Жоғарғы Соттың келесі жылдың қаңтар айының ортасына дейін жаңа бас судьяны тағайындау туралы шақыруларына душар болды.

 

Бұл премьер-министрдің тағайындау процесін кейінге қалдыру және Нетаньяху мен оның әсіре оңшыл коалициясы үшін қолайлы болатын судьяны алға жылжыту әрекеттерін қиындатуы мүмкін. Уақыт шектеулерін ескерсек, премьер-министрдің қайта құру жоспарына қарсы шыққан солшыл судья Исаак Амит барған сайын көтеріліп, Нетаньяхудың билікке жетуін қиындатады.

 

Нетаньяху өз мүддесін қорғау жарысында сот реформасы үшін күш қолдануының Израиль халқын одан әрі алшақтататынын ұмытқан сияқты. Көптеген адам үшін бұл мәселе Газада кепілге алынғандарды босату сияқты маңызды басымдықтардаы ұмыттыру ретінде қарастырылады.

 

Нетаньяху кепілге алынғандар АҚШ-тың қолдауымен босатылатынына сенім білдіргенімен, өлген болуы мүмкін отызға жуық тұтқын туралы әлі түсініктеме берген жоқ. Халықтың шерулері бірнеше айдан бері тоқтамай отыр және  бұл оппозицияның үнсіз қалмайтынын көрсетеді.

 

 

Коалиция келіспеушіліктері

 

Сот билігін тежеу ​​үшін қысым көрсету Нетаньяхудың коалициясындағы келіспеушіліктерді де ушықтыруы мүмкін. Өткен жылы үкіметке қарсы жаппай демонстрацияларда әсіре оңшыл үкіметке  наразылық білдірушілер саны артып, күш қолданды деген айыптауларды арттырып, бұл да шиеленісті ушықтарған болатын.

 

Израильдің бас прокуроры әсіре оңшыл Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвирді билігін асыра пайдаланды деген айыппен жұмыстан босату үшін Нетаньяхуға қысым жасауда. Сондықтан сот реформаларына жаңа бастама Бен Гвирге қарсы импичмент ісін күшейтуі мүмкін, ал министрдің қолдауы Нетаньяху үшін сенімді көпшілікті сақтап қалу үшін маңызды.

 

Нетаньяхудың ультра православиелік коалициядағы серіктестері ол үшін  бір үлкен кедергі. Премьер-министр ультра-православиелік еврейлердің әскери қызметтен босату туралы негізгі талаптарын орындамай, кез келген сот реформасын жүзеге асыруда қиындықтарға тап болады. Нетаньяху үшін  осы уақытқа дейін коалициядағы одақтастарын мүдделері жақсы қорғалғанына сендіру қиынға соқты.

Егер премьер-министр өз талаптарын орындау үшін тайсалмаса, ол ультра православиелік адамдарды әскери қызметтен босатуды алып тастаған Израиль Жоғарғы сотымен бетпе-бет келеді. Екінші жағынан аталған талаптарды елемейтін болса, бұл оның сот реформасын рекордтық мерзімде жүзеге асыру мақсатына кедергі болуы мүмкін.

Үкіметтің шыдамы таусылғанып барады,  алдарында оңай таңдау да жоқ. Ультра православиелік қауымдастықтың жетекші қайраткерлері үкіметтің әрекет етпеуін өз қауымдастығына қарсы «соғыс» жариялауы деп түсіндіре бастады.

 

Тіпті бұрынғы бас раввин Ицхак Йосеф жұмыссыз израильдіктерді әскерде қызмет етуден бас тартуға шақырып, үкіметке қарсы тойтарыстың артып келе жатқанын көрсетті.  Егер Нетаньяху сот реформаларын жалғастыруды шешсе, бұл әсіре оңшылдарды алдастыру тактикасы ретінде қарастырылуы мүмкін. Келіспеушіліктің шиеленісе түсуі әлсіз коалициясын одан сайын әлсіретуі немесе тіпті құлатуы мүмкін.

 

Экономкалық риск

 

Осы саяси соғыстың  арасында Нетаньяхудың сот амбицияларының экономикалық салдары Израиль үшін тұрақсыздық тудыруы мүмкін екенін атап өткен жөн.

 

Ұсынылған қайта қарау несиелік шығындарды көтеру, Израильдің жоғары технологиялық секторына нұқсан келтіру және шекельді әлсірету қаупін тудырады. Үкіметке қарсы наразылықтардың қайта жандануы шетелдік инвесторлардың сеніміне нұқсан келтіруі мүмкін және бұл да  қарыз алу шығындарына кері әсер етеді.

 

Тарих маңызды нұсқаулық: Өткен жылғы жаппай наразылықтар экономиканы тоқтау шегіне жеткізіп, миллиардтаған доллар зиян келтірген болатын. 2025 жылы риск одан да жоғары болады.

 

Нетаньяху үкіметі 60 000-ға жуық израильдік компанияға жабылу қаупі төніп тұрған кезде өсуге бағытталған реформаларды ынталандыруда қиыншылық шегіп отыр.

 

Халықтың жаңа наразылығы болса  Газа соғысы шайқаған экономикадағы белгісіздікті одан әрі арттыруы мүмкін. Мұның бәрі үкіметке үнемдеу шаралары үшін қысым көрсетуді меңзейді және өсіп келе жатқан бюджет тапшылығын бақылауға алу әрекеттерін қиындатуы мүмкін.

 

Нетаньяхудың даулы сот реформаларына ұмтылуы Израильдің «демократиясын» қорғаумен ешқандай байланысы жоқ.

 

Керісінше 7 қазандағы сәтсіздіктер үшін жауапкершіліктен жалтару әрекеті. Шындығында қоғамның шыдамы азайып, саяси қысым күшейген сайын, Нетаньяхудың Израильдің сот жүйесін қайта құру әрекеті оның үкіметін күйреу шегіне итермелеуі мүмкін.

Іздеу
Судан тамыздың басында тырысқақты індет деп жариялады
Оңтүстік Кореяның депутаттары президенттің әскери жағдай жариялауын қабылдамады
Түркия ұшқышсыз ұшақ аппараты секторында Қытай мен АҚШ-ты басып озып, көшбасшы атанды
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
Президент Ердоған: "Ливандағы атыстың тоқтатылғанына қуаныштымыз"
Трамп экспансионист пе? Америкадағы АҚШ оккупацияларына көзқарас
Нетаньяхудың Израиль сот жүйесін қайта қарастыруға талпынысының шынайы себебі
Иран соғысқа қарсы Трамп пен қауіпсіздікке бей-жай қарамайтын діни қызметкерлердің арасында
Нан алуға барған бала Израиль шабуылынан қаза тапты
Жоғалған ұрпақ: Гаитидегі балалар қылмыстық топтардың құрбанына қалай айналуда?
Вашингтонның Қытайдың Африкадағы ықпалын шектеу ұмтылыстары сәтсіздікке ұшырауда
Непал әйелдері гүл жинауды түрлі-түсті индустрияға айналдырды
Кенияда мүйізтұмсықтарды қорғау үшін жасанды интеллект іске қосылды
«Өзеннен теңізге дейін» сөзі нені білдіреді?
Ғарышта ауыл шаруашылығы: үлкен келешегі бар кішкентай өсімдік
TRT Global-ды көріп алыңыз. Өз пікіріңізбен бөлісіңіз!
Contact us