Непал әйелдері гүл жинауды түрлі-түсті индустрияға айналдырды
Непал әйелдері гүл жинауды түрлі-түсті индустрияға айналдырдыГлобус амарант пен мариголд гүлдерімен әйгілі Гунду ауылы гүл жинауды дамыған сауда секторына айналдырды. Жыл сайын 133 000 доллардан астам табыс әкелетін бұл сала жергілікті әйелдерге үлкен мүмкіндік береді.
Непал әйелдері гүл жинауды түрлі-түсті индустрияға айналдырды
20 décembre 2024

Непалдың Гунду ауылындағы гүл алқаптары гүл маусымында сары, қызғылт күлгін түске боялады. Гүл жинайтын әйелдер үнді фестивальдерінде қолданылатын гүлдестелерді сату арқылы ауылдың қиын өміріне жаңа тыныс әкелді.

Катманду аңғарының шетінде орналасқан Гунду ауылы ашық түсті глобус амарант пен мариголдтарды өсірумен танымал. Бұл гүлдерге Дивали немесе Тихар мерекесі деп аталатын мереке кезінде яғни үнді шамдар фестивалінде сұраныс жоғары.

Ауыл әйелдері үйлер мен ғибадатханаларды безендіруге арналған  гүлдестелер жасау үшін таң ата егістікте жиналады. Бұл маусымдық гүлдерден гүлдестелер жасау өте қиын болса да, Гунду әйелдері оны гүлденген сауда секторына айналдыра алды.

56 жастағы гүл өсіруші Сарасвоти Биста «Бұл кәсіп біздің ауыл әйелдеріне жұмыс мүмкіндігін берді. Үйден шықпай-ақ гүлдестелер тоқып жақсы табыс табамыз» дейді.

Гүл өсіру секторы гүлденуде

Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша Гималайдағы үндістер тұратын Непал елінде жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 1324 долларды құрайды. Ауыл әкімшілігі өкілінің берген ақпаратына сәйкес, гүл саудасымен айналысатын 500-ге жуық отбасы жыл сайын бір миллионнан астам гүлдесте жасап, 133 000 доллардан астам табыс табады. Фестиваль кезінде шатырлар мен үйлердің кіреберісінде ілулі гүлдестелер ауылды ашық күлгін, қызыл және қызғылт сары түстерге бояйды.

Непалда махмали деп аталатын қою күлгін түсті глобус амарант бес күндік Тихар фестивалінде ерекше сұранысқа ие. Кептірілген гүлдер дұрыс күтіммен айлар тіпті жылдар бойы сақталады. Гүлдестелерді Тихар айының бесінші күні әпкелер інілеріне ұзақ өмір тілеп, символикалық сыйлық ретінде береді.

Непал гүл өсіру қауымдастығының мәліметіне сәйкес, 2024 жылы Непалда шамамен 2,5 миллион глобус амарант гүл өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артқан.

Гүл өсіру қауымдастығының өкілі Дилип Баде «Біз әртүрлі елдерге гүл жібереміз» деді.

Гүл өсіру қауымдастығынан алынған мәлімет бойынша АҚШ, Австралия, Оңтүстік Корея, Жапония және Еуропа елдеріне құны 1,4 миллион долларды құрайтын  200 мың гүлдесте экспортталады.

Қарқынды дамып келе жатқан гүл шаруашылығы су тасқынынан қатты зардап шегіп,  шамамен 1,1 миллион доллардан астам шығынға ұшыраған.

Іздеу
Судан тамыздың басында тырысқақты індет деп жариялады
Оңтүстік Кореяның депутаттары президенттің әскери жағдай жариялауын қабылдамады
Түркия ұшқышсыз ұшақ аппараты секторында Қытай мен АҚШ-ты басып озып, көшбасшы атанды
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
Президент Ердоған: "Ливандағы атыстың тоқтатылғанына қуаныштымыз"
Трамп экспансионист пе? Америкадағы АҚШ оккупацияларына көзқарас
Нетаньяхудың Израиль сот жүйесін қайта қарастыруға талпынысының шынайы себебі
Иран соғысқа қарсы Трамп пен қауіпсіздікке бей-жай қарамайтын діни қызметкерлердің арасында
Нан алуға барған бала Израиль шабуылынан қаза тапты
Жоғалған ұрпақ: Гаитидегі балалар қылмыстық топтардың құрбанына қалай айналуда?
Вашингтонның Қытайдың Африкадағы ықпалын шектеу ұмтылыстары сәтсіздікке ұшырауда
Непал әйелдері гүл жинауды түрлі-түсті индустрияға айналдырды
Кенияда мүйізтұмсықтарды қорғау үшін жасанды интеллект іске қосылды
«Өзеннен теңізге дейін» сөзі нені білдіреді?
Ғарышта ауыл шаруашылығы: үлкен келешегі бар кішкентай өсімдік
TRT Global-ды көріп алыңыз. Өз пікіріңізбен бөлісіңіз!
Contact us