«Өзеннен теңізге дейін» сөзі нені білдіреді?
ГАЗАДАҒЫ СОҒЫС
4 минут оқу
«Өзеннен теңізге дейін» сөзі нені білдіреді?Палестиналықтардың «өзеннен теңізге дейін Палестина азат болады» деген сөзінің астарындағы мағынаны оның тарихи тамыры мен мәдени мәні жағынан зерттеу. Сонымен қатар эпизод саяси дискурста бұл фразаны тудырған қайшылықтар туралы баяндайды.
РР Палестиналық фраза суреттері
2025年2月25日

"Өзеннен теңізге дейін Палестина азат болады" деген бұл сөз әлемдік деңгейде үлкен әсер қалдырған бір хабарлама. Сіз мұны әлеуметтік желілерде және Палестина туралы пікірталастарда естіген боларсыз. Соңғы кезде осы ұранды Израильдің Газаға жасаған шабуылына қарсы әлем бойынша наразылық білдіріп жатқан адамдардан естуіңіз мүмкін.

Бұл сөзді палестиналықтар мен олардың құқықтарын қорғаушылар қолданады. Көптеген адам үшін бұл ұран азаттық, өзін-өзі тану және бейбітшілікті білдіреді.

Белсенділердің айтуынша бұл сөз адамдарды жақындастырып, 76 жыл бойы Израиль оккупациясында өмір сүріп жатқан палестиналықтарға үміт пен күш береді. Алайда бұл сөз Израильді қолдайтын топтар мен үкіметтердің көптеген наразы реакциясын тудырды. Медиа пен технологиялық компаниялар тіпті бұл сөздің желіде қолданысын цензуралауға тырысты.

Ал сонмаша дау не себептен шықты? Сөздің тарихы мен мағынасына тоқталайық.

Негізінде бұл сөз палестиналықтардың бостандығы туралы баяндайды. Мұндағы "өзен" - бұл Иордан өзені, ал "теңіз" - Жерорта теңізі. Осылайша бұл сөз екі су айдыны арасындағы тәуелсіз Палестинаны сипаттайды. Бұл мысал палестиналықтардың өз жеріне деген терең байланысын растап қана қоймай, отаршылдықтан шығаруды да насихаттайды. Бұл насихат ұрпақтан ұрпаққа Палестина фольклоры мен революциялық әндерінде қайталануда.

Бәрі 1947 жылдың қарашасында басталды. Ол кезде БҰҰ Палестинаны екі мемлекетке бөлуге шешім берген: бірі еврейлер үшін, бірі арабтар үшін. БҰҰ-дағы осы шешімден кейін сионисттер палестиналықтарды үйлері мен жерлерінен шығаруға мәжбүрлейтін шабуылдар жасай бастап, аймақта зорлық-зомбылыққа жол ашты.

Бұл Израиль мемлекеті құрылған кезде араб тілінен аударғанда «апат» дегенді білдіретін «Накба» деп аталды. 700 000-ға жуық палестиналық өз үйлерінен күштеп қуылды. Бұл қайғылы оқиға қазір Палестина болмысының орталық элементі болып табылып, олардың құқықтары мен танылуы үшін күресін еске салады. «Накбадан» бері палестиналықтар «өзеннен теңізге дейін» деген сөз тіркесін өз жерлеріне оралу және еркін өмір сүру үмітінің символы ретінде қолданып келеді.

Бірақ бүгін Израиль Газаны бомбалап жатқанда кейбір израильдік топтар бұл сөздің мағынасын өзгертуге тырысуда. Олар мұны Хамасты жақтайтын ұран деп атап, бұл сөз Израильді жоюға шақырады деп мәлімдеді.

2023 жылы «Youtube» сайтында жарияланған бейнеде Америка еврей комитеті бұл сөздің «еврейлерге қарсы әрекетке шақыру» болып есептеліп, бұл себептен антисемиттік екенін айтты.

Бірақ сарапшылардың ойы басқаша.

Американдық тарихшы доктор Маха Нассар бұл сөздің Хамаспен байланысының шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. 2018 жылы жарияланған “Өзеннен теңізге дейін сіз ойлағандай емес" атты мақаласында Нассар бұл ұранның тойтарыс тобы құрылмай тұрып қолданылғанын айтты.

Оның айтуынша бұл сөз палестиналықтарға "өз жерлеріне деген байланыстарын білдіруге" және "болашақтағы бостандық пен бейбітшілік туралы өздерінің ұлттық талаптары мен көзқарастарын мәлімдеуге" мүмкіндік береді.  Сондықтан бұл сөз "палестиналықтар Палестинаның барлық бөліктерінен шыққан" дегенді білдіреді, яғни Иордан өзені жанындағы Иерихоннан бастап Жерорта теңізі жағалауындағы Яффаға дейін.

Дегенмен Израильді қолдайтын кейбір топтар мен адамдар бұл ұранға теріс мағына беруді жалғастыруда. Бұл пікір әсіресе өткен жылы соңғы қақтығыстар басталғалы бері кеңінен тарады. Лондонда палестиналықтарды қолдайтын наразылықтар басталғаннан кейін Ұлыбританияның бұрынғы ішкі істер министрі Суэлла Браверман шерулерді «жек көрушілік шерулері» деп атады. Ол бұл сөзді Израильді картадан жою үшін зорлық-зомбылық ниеті ретінде қарастыру керек екенін санайды. Браверман «Sky News-ке» бұл наразылықтарды «жек көрушілік шерулері» деп санайтынын айтып, тіпті полицияны наразылық білдірушілерге жұмсақтық танытты деп айыптады. Кейінірек ол осындай риторикасы үшін Ұлыбританияның жалпы сайлауы алдында қызметінен босатылды.

Австрия полициясы да Суэлла сияқты әрекет етті. Олар Венада өтетін Палестинаны қолдайтын наразылыққа тыйым салды, себебі оның шақыруларында осы сөз қолданылды. Полиция да бұл сөзді  зорлық-зомбылыққа шақыру деп атады. Бірақ жақын арада болған бұл оқиғалар палестиналық ұранның наразылыққа тап болған алғаш кезі емес.

2018 жылы CNN африкалық-американдық жазушы және белсенді Марк Ламонт Хиллді БҰҰ іс-шарасында «өзеннен теңізге дейін азат Палестина» деген сөзі үшін жұмыстан шығарды. Сыншылар оның Израиль мемлекетінің соңын талап еткенін ойлап, айтқандарын дұрыс түсінбеді деп мәлімдеді.

Көп ұзамай CNN Марк Ламонт Хиллді жұмыстан шығарды. Хилл өз сөзін қорғап, бұл «ешнәрсені немесе ешкімді жоюға шақыру емес... Бұл Израильде де, Батыс жағалау/Газада да әділеттілікке шақыру» болды деп түсіндірді.

Дегенмен CNN оны жұмыстан шығарды. Бірақ БАҚ-тың оны басуға тырысқанына қарамастан Хилл және басқа көптеген белсенді бұл сөзді бейбітшілік ұраны деп қорғауды жалғастыруда.

Біздің әлеміміз барған сайын поляризацияланып жатқандықтан біз естіген және көрген нәрселердің контексті мен тарихын үйренуге тырысуымыз керек.

«Өзеннен теңізге дейін» сөзі сіздің көзқарасыңызға байланысты әртүрлі мағынаға келуі мүмкін. Бірақ көптеген палестиналық мен оларды қолдаушылар үшін бұл сөз оккупациядан азат болашаққа деген үмітті білдіреді.

Бұл ақпарат Кюбра Солмаздың «TRT World-та» жарияланған мақаласынан алынды.

Іздеу
Судан тамыздың басында тырысқақты індет деп жариялады
Оңтүстік Кореяның депутаттары президенттің әскери жағдай жариялауын қабылдамады
Түркия ұшқышсыз ұшақ аппараты секторында Қытай мен АҚШ-ты басып озып, көшбасшы атанды
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
Президент Ердоған: "Ливандағы атыстың тоқтатылғанына қуаныштымыз"
Трамп экспансионист пе? Америкадағы АҚШ оккупацияларына көзқарас
Нетаньяхудың Израиль сот жүйесін қайта қарастыруға талпынысының шынайы себебі
Иран соғысқа қарсы Трамп пен қауіпсіздікке бей-жай қарамайтын діни қызметкерлердің арасында
Нан алуға барған бала Израиль шабуылынан қаза тапты
Жоғалған ұрпақ: Гаитидегі балалар қылмыстық топтардың құрбанына қалай айналуда?
Вашингтонның Қытайдың Африкадағы ықпалын шектеу ұмтылыстары сәтсіздікке ұшырауда
Непал әйелдері гүл жинауды түрлі-түсті индустрияға айналдырды
Кенияда мүйізтұмсықтарды қорғау үшін жасанды интеллект іске қосылды
«Өзеннен теңізге дейін» сөзі нені білдіреді?
Ғарышта ауыл шаруашылығы: үлкен келешегі бар кішкентай өсімдік
TRT Global-ды көріп алыңыз. Өз пікіріңізбен бөлісіңіз!
Contact us