Ғарышта ауыл шаруашылығы: үлкен келешегі бар кішкентай өсімдік
Ғарышта ауыл шаруашылығы: үлкен келешегі бар кішкентай өсімдікАдамдар Айда немесе Марста тамақ таба ала ма? Түрік ғарыштық ауыл шаруашылығы үшін ғалымдар шренкиелла парвуланың мүмкіндігін зерттеуде.
ғаламшар шаруашылығы көркемсурет шығармасы
24 Shkurt 2025

Адамдар Айда немесе Марста тамақ таба алатын әлемді елестетіңіз. Бұл ғылыми фантастика сияқты естілетін шығар, бірақ біртіндеп шындыққа айналып жатыр. Осы эпизодта біз адамдардың басқа ғаламшарларда өмір сүруі мен егін шаруашылығын жүргізуіне көмектесетін бір жаңалықпен бөлісеміз. Түрік ғалымдары Жерде де, ғарышта да шренкиелла парвула атты өсімдікті зерттеп, тәжірибелер жүргізіп жатыр. Бұл өсімдік ғарышта тамақ табудың кілті болуы мүмкін. Келіңіздер, қалай екенін көрейік.

 Зерттеуді басқарып отырған доцент Озгюр Узилдай адамның тірі қалуы өсімдіктерге байланысты екенін айтады. Өсімдіктер бізге оттегі мен азық береді, бұлар болмаса біз өмір сүре алмайтын едік.  Бірақ егер де  біз басқа ғаламшарларда тұрғымыз келсе, топырақ, яғни "реголит" деп аталатын үлкен проблемамыз пайда болады. Реголит– ғарышта кездесетін топырақтың бір түрі. Ол Жердегі топырақтан мүлдем өзгеше. Реголит улы және кеуіп қалған, зиянды тұздар мен металдарға толы.

Озгюр реголиттің жоғарғы қабаттарының біз тұтынатын өсімдіктердің тамыр жаюына тым тығыз екенін түсіндіреді. Сонымен қатар реголит Жердің топырағындағыдай суды ұстай алмайды. Ал суды Жерден тасымалдау өте қымбат болғандықтан, біз бұл қиын жағдайда тамақ табудың жаңа тәсілін ойлауымыз керек.

Міне, дәл осы жағдайда шренкиелла парвула көмекке келеді. Бұл кішкентай, мықты өсімдік Түркияның Тұз көлінде өседі және тұзды жерде дамиды. Бұл «галофит» — тұзды жасушаларына сіңіріп, сақтай алатын өсімдік түрі. Шренкиелла парвула хром, бор және литий сияқты өсімдікті өлтіретін көптеген химикатқа ұшыраса да, экстремалды ортада өмір сүре алады. Бұл оны ғарыштық ауыл шаруашылығына тамаша қолтиімді  үміткер етеді.

Бірақ маңызды нәрсе тек реголиттің құрамдас бөліктері ғана емес. Өкінішке орай өсімдіктердің ауырлықсыз ортада өсе алуы Жерде тексеріле алмайды. Алайда түрік ғалымдары бұл жағдайды зерттеу үшін батыл бір қадам жасады. 2024 жылдың 18 қаңтарында Түркияның алғашқы ғарышкері Алпер Гезеравджы шренкиелла парвула өсімдігінің 50-ден астам тұқымын Халықаралық ғарыш станциясына алып барды. Тұқымдар станцияның зертханасында отырғызылды, ол жерде Ай немесе Марсқа ұқсас жағдайлар жасалды. Мақсат- өсімдіктің ғарышта өсіп өсе алмайтынын анықтау.

Бұл мақсат жүзеге асты! Тұқымдар өніп, алғашқы жапырақтарын жайды! Ғалымдар таңқалды. Сегіз күн ішінде өсімдіктер күткеннен де көп өсті. Бірақ бұл экспериментте одан да қызық нәрсе болды: өсімдіктің тамырларының өсу жолы...

Білесіздер, Жерде өсімдіктер тамырларын төменге қарай өсіреді, өйткені оларды ауырлық бағыттайды. Бірақ ғарышта тамырлар ауырлықтың болмауынан күтпеген бағыттарға жайылды. Дегенмен осы қиындықтарға қарамастан, өсімдік аман қалып, өсуін жалғастырды.

Жерге оралмас бұрын Гезеравджы ғарышта өсірілген үлгілерді жинап, оларды қайтар сапары үшін минус 80 градус Цельсийде сақтады. Үлгілер 29 ақпанда Эгей университетіне жетті.

Содан кейін ғалымдар ғарышта өсірілген өсімдіктерді Жерде өсірілген өсімдіктермен салыстырмалы түрде зерттей бастады.  Олар өсімдіктің ғарышта Жердегідей мықты болып болмауын білгісі келді. Егер де нәтижелер ойдағыдай шықса, бұл өсімдік ғарышта колонизацияның ең үлкен қиындықтарының бірі, яғни ғарышта тамақ табу мәселесін шешуге көмектесуі мүмкін.

Озгюр Узилдай шренкиелла парвула өсімдігін реголиттің үстіне "жабын ұлпа" ретінде пайдаланып, басқа өсімдіктерге топырақты дайындау үшін қолдануға болатынын ұсынады. Бұл өсімдік Ай мен Марстағы тығыз, улы реголитті ыдыратып, оны тіршілікке қолайлы топыраққа айналдыра алады. Ол тіпті топырақтың суды ұстау қабілетін де жақсарта алады, бұл ғарыштағы егін шаруашылығы үшін өте маңызды.

Сонымен осының барлығы нені білдіреді? Түркиядан шыққан бұл кішкентай өсімдік басқа ғаламшарларды адамзат өміріне дайындаудағы алғашқы қадам болуы мүмкін. Оның экстремалды жағдайларда өмір сүру қабілеті бізге Жерден тыс ауыл шаруашылығының болашағына үміт береді.

Бұл ақпарат Кария Наз Балкиздің мақаласынан алынды.

Іздеу
Судан тамыздың басында тырысқақты індет деп жариялады
Оңтүстік Кореяның депутаттары президенттің әскери жағдай жариялауын қабылдамады
Түркия ұшқышсыз ұшақ аппараты секторында Қытай мен АҚШ-ты басып озып, көшбасшы атанды
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
Президент Ердоған: "Ливандағы атыстың тоқтатылғанына қуаныштымыз"
Трамп экспансионист пе? Америкадағы АҚШ оккупацияларына көзқарас
Нетаньяхудың Израиль сот жүйесін қайта қарастыруға талпынысының шынайы себебі
Иран соғысқа қарсы Трамп пен қауіпсіздікке бей-жай қарамайтын діни қызметкерлердің арасында
Нан алуға барған бала Израиль шабуылынан қаза тапты
Жоғалған ұрпақ: Гаитидегі балалар қылмыстық топтардың құрбанына қалай айналуда?
Вашингтонның Қытайдың Африкадағы ықпалын шектеу ұмтылыстары сәтсіздікке ұшырауда
Непал әйелдері гүл жинауды түрлі-түсті индустрияға айналдырды
Кенияда мүйізтұмсықтарды қорғау үшін жасанды интеллект іске қосылды
«Өзеннен теңізге дейін» сөзі нені білдіреді?
Ғарышта ауыл шаруашылығы: үлкен келешегі бар кішкентай өсімдік
TRT Global-ды көріп алыңыз. Өз пікіріңізбен бөлісіңіз!
Contact us