Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
Дональд Трамптың биліктегі соңғы мерзімінен бері әлем күрт өзгерді.  Әсіресе Израильдің Палестинада жалғасып жатқан геноциді. АҚШ пен Израиль арасындағы одақ Трамптың президенттігі кезінде жалғаса ма? Мәселені кеңінен талқылайық.
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
February 20, 2025

Дональд Трамптың 2024 жылдың 5 қарашасында президент болып қайта сайлануы оның Израильге қолдауын өзгертпейді деп күтілуде.

Бірақ Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен қарым-қатынастары алғашқы мерзіміндегідей бірқалыпты жалғасуы екіталай. Өйткені Трамп биліктен кеткеннен бері Таяу Шығыс та, Израиль де, Нетаньяху да бұрынғы қалпында емес.

АҚШ-Израиль қарым-қатынасындағы шиеленістің артуынан Нетаньяху 2023 жылдың қаңтарынан бастап Байден әкімшілігімен Сот Реформасы туралы заң жобасынан басып алынған Батыс Шериядағы заңсыз қоныстануға дейін көптеген қиындыққа тап болды. Осы уақыт ішінде ол демократтардың қысымына сәтті қарсы тұрды және бұл қарсылықты өзінің ішкі саясат стратегиясында тиімді құрал ретінде пайдаланды.

Бірақ Трамптың бірінші мерзімдегі көшбасшылығын ескерсек Нетаньяху сол бағытты сақтауда қиындықтарға тап болуы мүмкін.  Оның үстіне Трамп өзінің алғашқы қызмет мерзімінде жасағандай қажет болса Израиль саясатын алаңдата алатын күшке ие. Нетаньяхудің күші қақтығыс басылғаннан кейін ғана белгілі болады.

Екі көшбасшы арасындағы сенімнің жоқтығы да бұл жерде маңызды мәселе. Трамп 2020 жылғы сайлау нәтижелеріне дауласып жатқанда, Нетаньяху Байденді бейне хабарламамен құттықтаған болатын. Кейін Трамп бұл әрекетті опасыздық деп бағалады.

Трамптың күші, Нетаньяхудың әлсіздігі

2018 жылдан бергі бес сайлау мен бір жыл оппозицияны қоса алғанда, саяси тұрақсыздық кезеңінен кейін 2022 жылдың соңында Нетаньяху билікке қайта оралды және әсіре оңшыл діни сионистік лагерьдің Кнессетке кіруіне ықпал етті. Бірақ оның позициясына жалғасып жатқан құқықтық шайқастар мен  7 қазандағы шабуылдар нұқсан келтірді.  «Қауіпсіздік мырзасы» деп аталатын имиджі тұрақсызданды.

Нетаньяхудің үкіметі тәуелді коалициялық серіктестердің талаптарына күн өткен сайын сезімтал бола бастады. Кейде Ликудтың ішіндегі бөлінуді басқаруда қиналды. Қорытындылай келе Нетаньяху қазіргі таңда Израильде әртүрлі саяси маневрлерге қарамастан көшбасшы. Көптеген ішкі мәселемен бетпе-бет келген Нетаньяху 2025 жыл жақындаған сайын сайлау қысымының күшейетінін және 7 қазандағы шабуылдар сөзсіз тергелетінін біледі. Оның үстіне 2023 жылғы наразылықтардан басталған оппозиция толқыны өз қарқынын сақтап, 7 қазаннан кейін кепілге алынғандарды құтқаруға бағытталған динамикалық қозғалысқа айналған болатын.

 

Шектеулі сыртқы саясат параметрлері

Израильдің сыртқы саясаттағы параметерлері 2010 жылдың ортасынан бастап айтарлықтай азайды. Ол кезеңде Нетаньяху Путинмен тиімді диалог жүргізіп, Қытаймен қарым-қатынасты жақсарту және Қытай бастаған Хайфа портын кеңейту сияқты көпжақты бастамаларды қолға алған болатын. Бірақ бұл көпжақты көзқарас ішінара АҚШ-Израиль қарым-қатынастарына байланысты толық дамымады. 7 қазаннан кейін Израильдің сыртқы саясаты әсіресе ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне байланысты Вашингтонға тәуелді болды. Сонымен қатар сол кезеңнен бастап Трамп дәуіріндегі «Ибрахим келісімдерінің» мұрасы және Израильмен қалыпқа келуді кеңейту әрекеттері айтарлықтай сәтсіздікке ұшырады.

Трамп екінші мерзімге 2017 жылға қарағанда мықты позицияда кіреді. Сайлауда үлкен қолдау мен жақсартылған саяси позициядан пайдаланады.

АҚШ саясаты жаһандық және аймақтық деңгейде әсіресе дағдарыстан зардап шеккен аймақтарда қалай өзгеруі мүмкін деген үлкен қызығушылық бар. Бұл оның екінші және соңғы мерзімі болғандықтан оның алдыңғы мерзіміндегі тәжірибесін, әсіресе COVID-19 пандемиясы сияқты қиындықтарды ескерсек, Трамп бұл мерзімді мықты позицияда бастаған сияқты. Бұл күшейтілген позиция оның аймақтық саясатқа деген көзқарасына әсер етуі мүмкін. Трамп аяқтауға уәде еткен соғыстар төңірегіндегі пікірталастарға назар аударады.

Бұрын Нетаньяхумен жұмыс істеген көшбасшы ретінде Трамп Израильдің аймақтық оқшаулануын азайтуға бағытталған бірнеше басты оқиғада маңызды рөл атқарды. Атап айтсақ АҚШ елшілігін Иерусалимге көшіру, Сирияның басып алынған Голан төбелерінде Израильдің егемендігін тану және «Ибрахим келісімдері». Бұл қадамдар Нетаньяхудың позициясын күшейтіп, билігін нығайтуға мүмкіндік бергені сөзсіз. Тіпті бұл табыстар Ликудтың 2023 жылға дейін жалғасып келе жатқан саяси тұрақсыздық жағдайында парламенттегі көптеген орынды сақтап қалу мүмкіндігіне ықпал етті деп айта аламыз.

Нетаньяхудың күрделі қарым-қатынастары

Нетаньяхудың тұрақсыздығы оны АҚШ президенттері үшін сенімсіз серіктеске айналдырды. Әсіресе Израильдің мақсаты АҚШ-тың аймақтық мүдделерінен алшақтағанда. Нетаньяху Израиль саясатында АҚШ-Израиль қарым-қатынастарының жағдайына негізделген көзқараста оң  байланыстарды да, келіспеушіліктерді де пайдалануда. АҚШ оппозициясы көтерілгенде ол өзін Израильдің мүдделерін қорғаушы ретінде көрсетіп, Израильде резонанс тудырды. Ал қарым-қатынас жақсарған кезде оң нәтижелерге қол жеткізу үшін өзінің стратегиялық рөлін көрсетеді.

Бұл қос көзқарас шиеленіскен қарым-қатынастарға қарамастан Нетаньяхудың танымалдылығын сақтауға көмектесуде. Мәселен ол 2019 жылғы сайлау науқаны кезінде Байден және Путинмен ынтымақтастығын көрсетті.  7 қазаннан кейін Газа секторындағы атысты тоқтату туралы келіссөздер бойынша Байденмен келіспеушіліктерге қарамастан Израильдің мүдделерін қамтамасыз етуге шешімді екенін көрсетті.

Нетаньяху АҚШ әкімшілігіне әртүрлі уәделер беріп, Байденді атысты тоқтату жоспарын жариялауға шақырды. Алайда Нетаньяхудың бұл жоспарының кейбір шарттарына қарсы мәлімдемелері көп ұзамай Байденді қиын жағдайға қалдырды. Оның үстіне Нетаньяху әр кездесуден кейін теріс мәлімдемелер жасады.

Трамптың көшбасшылық стилін ескерсек, ол Нетаньяхудың мұндай әрекеттеріне шыдымдылық таныта алмайды. Нетаньяхудың АҚШ әкімшілігін тоқтатуға бағытталған тактикасы өзінің ішкі қоғамдық пікірін ғана тыныштандырады. Президенттік имиджіне нұқсан келтіретін тактикалары  Трамп тарапынан қабылданбауы мүмкін.

Соғысты тоқтату туралы уәде

Бұл кезеңде Үкімет немесе президенттің кім болғанына қарамастан АҚШ-Израиль қарым-қатынасының нашарлауы немесе АҚШ-тың Израильге қолдауының төмендеуі күтілмейді. Бірақ Трамп Байден мен Нетаньяху арасындағы сияқты қарым-қатынасқа қарым-қатынасқа шыдайтын көшбасшы емес. Нақтырақ айтсақ Трамптың екінші президенттік мерзімі палестиналықтар үшін пайдалы болмауы мүмкін. Бірақ Нетаньяхуді қиын кезең күтіп тұр.

Трамп науқанының негізгі тақырыбы соғысты тоқтату. Бұл оның сыртқы саясаттағы ұстанымын қалыптастыруы мүмкін. Оның халықаралық дискурстағы беделі мен оған үміт артқан халықты ескерсек, Трамп әкімшілігі бұл бағытта жаңа қадамдар басуы мүмкін. Бірақ  мәселе кез келген қақтығыстың қандай шарттар негізінде аяқталғаны. Бұл Нетаньяху үшін өте қиын мәселе. Трамптың «соғысты аяқта» ұстанымының іске келгендегі әсері артқан сайын, оның Нетаньяхумен қарым-қатынасының динамикасы да нақтыланады.

Израильге қолдаудың Нетаньяхудан айрылуы

Қалай болғанда да Трамп жаңа кезеңде Нетаньяхуға қарсы мәжбүрлеуші ​​ұстанымға ие болуы мүмкін. Израиль толығымен АҚШ-тың басшылығымен әрекет етпесе де, көбірек қысымға ұшырайтынын болжауға болады.

Трамп үшін АҚШ-тың Израильге қолдауын Нетаньяхудан бөлу прагматикалық көзқарас болуы және оның Израиль мен Нетаньяхуға қатысты риторикасы әртүрлі болуы мүмкін. Осы тұрғыда Нетаньяхудың Галланттың орнына Израильдің Катцты қорғаныс министрі етіп тағайындауын стратегиялық түзету ретінде қарастыруға болады. Трамп билікке келгенге дейін екі ай ішінде Израильдің жалғасып жатқан соғысы бұл қарым-қатынастардың барысына үлкен әсер етеді. Осылайша Трамптың бірінші мерзіміне ұқсас оң траектория екіталай болса да, қақтығыс барысы Трамп-Нетаньяху динамикасындағы кез келген өзгерістің тереңдігін анықтаудың негізгі факторы болуы мүмкін.

Іздеу
Судан тамыздың басында тырысқақты індет деп жариялады
Оңтүстік Кореяның депутаттары президенттің әскери жағдай жариялауын қабылдамады
Түркия ұшқышсыз ұшақ аппараты секторында Қытай мен АҚШ-ты басып озып, көшбасшы атанды
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
Президент Ердоған: "Ливандағы атыстың тоқтатылғанына қуаныштымыз"
Трамп экспансионист пе? Америкадағы АҚШ оккупацияларына көзқарас
Нетаньяхудың Израиль сот жүйесін қайта қарастыруға талпынысының шынайы себебі
Иран соғысқа қарсы Трамп пен қауіпсіздікке бей-жай қарамайтын діни қызметкерлердің арасында
Нан алуға барған бала Израиль шабуылынан қаза тапты
Жоғалған ұрпақ: Гаитидегі балалар қылмыстық топтардың құрбанына қалай айналуда?
Вашингтонның Қытайдың Африкадағы ықпалын шектеу ұмтылыстары сәтсіздікке ұшырауда
Непал әйелдері гүл жинауды түрлі-түсті индустрияға айналдырды
Кенияда мүйізтұмсықтарды қорғау үшін жасанды интеллект іске қосылды
«Өзеннен теңізге дейін» сөзі нені білдіреді?
Ғарышта ауыл шаруашылығы: үлкен келешегі бар кішкентай өсімдік
TRT Global-ды көріп алыңыз. Өз пікіріңізбен бөлісіңіз!
Contact us