САЯСАТ
4 минут оқу
Еуропалық Одақ әлде Ресей? Румыниядағы демократияны кім бұзуда?
Кейінге шегерілген сайлау мен ұлтшыл көшбасшының танымалдығынан кейін Румыния батыстың ықпалы мен халықтың үстемдігі арасында екі ұшты сұрақтар туындатты. Сарапшылар оппозицияны елемеу халықтың наразылығын күшейтуі мүмкін деп ескертеді.
Еуропалық Одақ әлде Ресей? Румыниядағы демократияны кім бұзуда?
Еуропалық Одақ әлде Ресей? Румыниядағы демократияны кім бұзуда?
21 فوریه 2025

24 қарашадағы президенттік сайлаудың бірінші туры өтпей қалғаннан кейін Румынияда саяси дау туындады. Тәуелсіз ұлтшыл кандидат Кэлин Джорджеску 22,94% дауыс жинап, көш бастады.

Джорджеску 8 желтоқсандағы екінші турда «Румынияны құтқару одағы» реформаторлық партиясының өкілі Елена Ласконимен бақ сынайды деп күтілді. Алайда сайлаудың өтпеуіне байланысты бұл мүмкін болмады.

Румынияның Конституциялық соты Ресейдің араласуы мен заң бұзушылықтарды себеп етіп 24 қарашадағы сайлау нәтижелерін жойды. Бұл елді саяси белгісіздікке ұшыратты.

Бұл шешім қоғамдық пікірді екі ұшты етіп, демократияның жағдайы мен Шығыс Еуропа еліндегі батыс ықпалының жағдайы туралы пікірталас тудырды.

Бухарест университетінің саясаттану факультетінен Александра-Алина Ианку «TRT World» арнасына берген сұқбатында «Бухарест сияқты ірі қалаларда сайлаудың екінші туры қарсаңында күшейген шиеленіс салдарынан сайлаудың болмауын халық жеңіл қабылдады. Алайда  (Калин Джорджескудің) сайлаушыларынан наразылық пен болашаққа деген сенімсіздік сезіледі», - дейді. 

Бұл жағдайға Румынияның Еуропалық саясат орталығының (CRPE) бағдарлама директоры Александру Дамиан да назар аударады. Дамиан қазіргі саяси жағдайды «шиеленіскен және белгісіз» деп сипаттап, биліктің хабарсыздығы халықтың наразылығын арттырғанын айтады.

«Енді Джорджеску жақтастары шешімдерге одан бетер наразылық білдірсе, ал еуропашыл тарап бұл шешімге сақтықпен қарайды», - дейді ол.

Конституциялық соттың сайлаудың күшін жою туралы шешімі сайлау процесіне шетелдік араласу бар деген құпиялылығы жойылған барлау мәліметтеріне негізделген.

Дамианның айтуынша Жоғарғы қорғаныс кеңесі (CSAT) заңсыз қаржылық жарналарды және өте жақсы қаржыландырылған әлеуметтік медиа науқанын қоса алғанда көптеген заң бұзушылықтарды анықтаған. Джорджеску лагері бұл қаржыландырудың көзін көрсете алмады.

«Кэлин Джорджеску науқан кезінде шығын болмағанын хабарлады. Бірақ Румынияда науқанды қаржыландыру ережелері өте қатал болғандықтан, бұл іс жүзінде мүмкін емес еді», - деп түсіндіреді Дамиан.

Янку әсіресе Джорджеску науқаны «TikTok»-та назар аударғанын атап өтіп,

«Румынияның Конституциялық соты шетелдік үкіметтің сайлау процесіне араласуын және Джорджескудың онлайн науқанына қатысты заңсыздықтарды құжаттайтын құпиясыздандырылған барлау есептеріне сілтеме жасады», - дейді.

Кэлин Джоржескудың танымалдығы

Джоржеску танымалдығының тез өсуі Румынияның саяси құрылымын шайқады. Бір кездері саясатта беймәлім тұлға болған Джорджеску сайлаушылардың мәселелеріне алаңдаушылық білдіріп, олардың мәселелерін шешуге тырысты. Осы саяси науқан арқылы сайлаушылармен байланысып, танымал саясатшы болды.

Кейбір сарапшылар бұл танымалдықты оның қарапайым румындықтардың мәселелермен тікелей айналысуымен байланыстырады.

Саяси сарапшы және дипломатиялық кеңесші Иоана Гомой Бухаресттен «TRT World» арнасына берген сұқбатында «Халық бұл адамды ессіз насихаттап жатыр», - деді. Гомой Джорджескудың танымалдылығының өскенін, өйткені ол жастар арасындағы жұмыссыздық, білім реформасы және бейбітшілік сияқты мәселелерге назар аударғанын атап өтті.

Гомой Джорджескудың халық тарапынан шынайы қолдауы бар екенін атап, «Мұның себебі негізгі саясаткерлер көптен бері елемеген мәселелерді қозғауында»,- деді.

«Ол бейбітшілік, жастардың жұмыссыздығы, жас румындықтардың қоныс аударуы, білім беру және ауылшаруашылық жүйелерінің күйреуі туралы айтуда. Бұл мәселелер - ондаған жылдар бойы саяси тоқыраудан шаршаған елдің негізгі мәселелері. Румындар шаршады. Отыз жылдан астам уақыт демократия бар, бірақ ештеңе өзгерген жоқ. Джорджеску халық үшін маңызды мәселелерді қозғауда», - дейді Гомой.

Ешбір ресми партиямен байланысы болмағанына қарамастан Джорджеску әсіресе «TikTok» және басқа да әлеуметтік платформаларды пайдалану арқылы айтарлықтай қолдауға ие болды. «Ол Румынияның  ең жақсы «İnfluencer»-і», - дейді Гомой.

Джорджеску қайта сайлауға түсе ме?

Румынияның саяси болашағы жаңа үкіметтің құрылуына және 2025 жылдың наурыз айында өтетін жаңа президенттік сайлаудың кестесіне байланысты.

Коалициялық үкімет құру үшін еуропашыл партиялар арасында бейресми келіссөздер жүргізілуде, бірақ бұл процесте көптеген қиындық бар.

«Парламенттегі партиялар келісімге келгеннің өзінде  жаңа коалицияның жоғары парламенттік бөліну деңгейі мен идеологиялық әртүрлілігіне байланысты келеңсіз күндер күтіп тұр», - деп ескертеді Янку.

«Бүкіл сайлау процесі қайта басталуы керек. Бұл бірнеше айға созылуы мүмкін», - дейді Гомой Джорджескуды алдағы процестен шығарудың ықтималдығын меңзеп.

«Жаңа кандидаттар болуы мүмкін және бұл Джорджескудың сайлауға түсуіне кедергі болуы мүмкін. Олар оған қарсы бір нәрсе табады, дәл осыған дейін басқа кандидат Диана Йовановичи-Шошоакэмен болғандай. Шошоакэге президенттік сайлауға қатысуға тыйым салынған болатын (оның ресейшіл көзқарастарына байланысты)», - деп түсіндіреді ол.

Бірақ Гомой Джорджескуды дисквалификациялау саяси құрылымға кері әсер етуі мүмкін екенін ескертті. «Джорджескудың қайта сайлауға түсуіне жол бермеу халықтың наразылығын арттырады. Бұл тек оған қатысты емес, ол айналысатын үлкен мәселелерге қатысты. Халық мәселелердің шешілуін қалайды және олар өзгерісті талап етуді тоқтатпайды».

Джорджескудың танымалдылығы Румынияның Еуропа Одағы және НАТО аясындағы бағытына деген терең наразылықты көрсетеді. Румындықтар ЕО мүшелігі ұсынатын мүмкіндіктерді бағаласа да, теңсіздіктерге наразылық артуда. Мәселен Гомой украиндық босқындарға берілетін әлдеқайда жоғары қаржылық қолдау секілді мемлекеттік көмектегі теңсіздікке назар аударды.

«Рождество мен Жаңа жыл жақындаған сайын дастарханынан ас таба алмай жүрген қарттарымыз көп. Дәрі-дәрмегін сатып ала алмайтындар бар. Еліміз ең алдымен өз халқының қамын ойлауы керек», - дейді саяси сарапшы.

Іздеу
Судан тамыздың басында тырысқақты індет деп жариялады
Оңтүстік Кореяның депутаттары президенттің әскери жағдай жариялауын қабылдамады
Түркия ұшқышсыз ұшақ аппараты секторында Қытай мен АҚШ-ты басып озып, көшбасшы атанды
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
Президент Ердоған: "Ливандағы атыстың тоқтатылғанына қуаныштымыз"
Трамп экспансионист пе? Америкадағы АҚШ оккупацияларына көзқарас
Нетаньяхудың Израиль сот жүйесін қайта қарастыруға талпынысының шынайы себебі
Иран соғысқа қарсы Трамп пен қауіпсіздікке бей-жай қарамайтын діни қызметкерлердің арасында
Нан алуға барған бала Израиль шабуылынан қаза тапты
Жоғалған ұрпақ: Гаитидегі балалар қылмыстық топтардың құрбанына қалай айналуда?
Вашингтонның Қытайдың Африкадағы ықпалын шектеу ұмтылыстары сәтсіздікке ұшырауда
Непал әйелдері гүл жинауды түрлі-түсті индустрияға айналдырды
Кенияда мүйізтұмсықтарды қорғау үшін жасанды интеллект іске қосылды
«Өзеннен теңізге дейін» сөзі нені білдіреді?
Ғарышта ауыл шаруашылығы: үлкен келешегі бар кішкентай өсімдік
TRT Global-ды көріп алыңыз. Өз пікіріңізбен бөлісіңіз!
Contact us