Германия канцлері Олаф Шольц қарашада қаржы министрі Кристиан Линднерді қызметінен босатып, өз қызметіне зиян келтірді.
Шольцтың Бундестагта (Германия парламенті) дауыстан айырылуы 2025 жылдың 23 ақпанында өтетін мерзімінен бұрын сайлауға негіз болды.
Бұл саяси маневр Германияның үш партиялы «Бағдаршам коалициясының» (қызыл социал-демократтар, сары либералдар және жасыл жасылдар) таралуына себеп болды және Еуропаның экономикалық қуаты үшін қиындықтар туындатты.
Германияда трансформацияға деген қызығушылық бітті және халық «ескі күндерге» оралуды қалайтын сияқты. Шольц үкіметінің ыдырауы - өршіл реформалардың ащы шындықпен текетіресі.
Қоғамның қолдауы азайды
Шольцтың үш партиялы коалициясы өз күн тәртібін жүзеге асыруда қиналды. Осылайша халықтың қолдауынан айырылды. Германия өзгерістерге және үлкен шығындарға дайын болмады. Сәтсіз реформалар мен оның салдары қоғамда наразылық тудырды.
Әр коалиция серіктесі бірқатар қатесі үшін үшін жауапты болуы мүмкін. Сонымен қатар Шольц Украинаға қандай қару жүйелерін жіберу керектігін шеше алмады. Қолдау мен қорқыныш арасында қалды.
Премьер-министрдің орынбасары Роберт Хабек жеке үй шаруашылықтарындағы жылыту жүйелерін өзгерту идеясын климаттың өзгеру мақсаттарына жетудің оңай шешімі ретінде қарастырды. Бірақ заң жобасының кейбір тармағы сыртқа тарап кетті. Газеттер Хабекті газ және мұнай жылыту жүйелерін қымбат жылу сорғыларымен ауыстыруға мәжбүр болатындарды қаржылай күйрететін «Жылу балғасы» деп айыптады.
Либералдар 27 мемлекеттің ұзақ жылдар бойы жүргізген келіссөздерінен кейін келісілген Еуропа Одағы заңнамасына вето қою арқылы Германияның ЕО-та шешім қабылдауына нұқсан келтірді.
Үкіметтің «жоғарыдан төменге» деген көзқарасын көпшілік патерналист деп қабылдады және трансформацияға жұмсалатын шығындар пайдадан асып түсті.
Экономикалық мәселелер
Коалиция ішіндегі өзара қақтығыстар да үкіметті дүр сілкіндірді. Социал-демократтар, либералдар мен жасылдардың көшбасшылары Шольц, Линднер және Хабек бастапқыда бірлік танытқанымен, олардың әртүрлі дүниетанымдары мен тұлғалық ерекшеліктері барған сайын қақтығыс туындатты.
Әсіресе Линднердің амбициясы кіші серіктес ретінде шиеленіс тудырды. Сондай-ақ ол өзін бизнес қауымдастығының «лоббиясын атқарушысы» ретінде көрсетуі және еліне қызмет ететін басшы ретінде көрінбегені үшін сынға ұшырады.
Сыртқы факторлар да жағдайды қиындатты. Германияның экспортқа негізделген экономикасы жаһандық жеткізу тізбегінің бұзылуы, инфляция мен энергетикалық дағдарыстардан қатты зардап шекті.
Бұл мәселелердің бір бөлігі Батыстың Ресейге қарсы санкцияларынан, Украина мен Таяу Шығыстағы соғыстардан және Сомали қарақшыларының Сомали түбегіндегі контейнерлік кемелерге жасаған шабуылдарынан туындады. Пандемияның да ұзақ мерзімге созылған салдары жаһандануға да кері әсерін тигізді.
Бұл қиындықтар халықтың қартаюы, жұмыс күшінің тапшылығы әсіресе қосалқы өнеркәсіп ретінде белгілі неміс өнеркәсібіндегі инновацияның болмауы сияқты құрылымдық әлсіздіктерді көрсетті. Автомобиль өнеркәсібі іштен жанатын қозғалтқыштардан электромобильдерге көшу үдерісін басқара алмады.
Экстремизмнің өршуі
Популизмнің күшеюі Германияның саяси сахнасына тағы бір мәселе туындатты. Оңшылдар арасында да, солшылдар арасында да ұшқары пікірлер естіліп, Германияның соғыстан кейінгі либералды, толерантты және инклюзивті қоғам ретіндегі консенсусына күмән туғызды. Оңшылдардың ең экстремалды әрекетіне мысал «Германия үшін балама» партиясы. Бұл ұлтшыл, нәсілшіл, иммиграцияға қарсы партия популистік стратегия ұстанып, эмоцияларға қатты жүгінеді, жеңіл хабарламалар таратады және қалыптасқан саяси жүйенің жұмысына нұқсан келтіруге тырысады.
Қарама-қарсы жақта марксист дәрігер Сахра Вагенкнехт бар. Германия Демократиялық Республикасындағы Коммунистік партияның бұрынғы мүшесі Вагенкнехт өзінің жеке қозғалысын құрып, бірден Шығыс Германиядағы екі аймақтық үкіметте кіші серіктес лауазымына ие болды.
Вагенкнехтің харизматикалық көшбасшылығы солшыл экономикалық саясатты және иммигранттарға қарсы риториканы біріктірді. Екі экстремалды партия да басқа саяси жүйені қалайды және екеуі де ресейшіл.
Германия мерзімінен бұрын сайлауға бет бұрған кезде сайлаушылар үнемі адамдардың қорқынышын басқаратын популистер арасында таңдау жасауы керек.
Жаңа үкімет бірдей саясат па?
2025 жылы ең ықтимал нәтиже саяси жүйенің қайта құрылуы сияқты. Оппозициялық консерваторлар күшейеді деп күтілуде. Бірақ олар билікті жалғыз басқаруға жеткіліксіз. Бұл сценарий Германияның жаңа үкіметі бұрынғы үкіметтерден көрінісі жағынан басқаша, бірақ ұстанатын саясаты жағынан ұқсас болатынын көрсетеді.
Халықаралық қауымдастық үшін бұл Германияның көпжақтылығы НАТО мен ЕО-ға деген ұстанымын жалғастыратынын көрсетеді. Бірақ еуропалық интеграцияны тереңдетуге немесе сыртқы саясатта үлкен өзгерістерге әкелетін батыл қадамдар күтілмейді.
Қиындықтарды жеңе ала ма?
Алдағы сайлау неміс қоғамында өзгеріс қажеттілігі мен тұрақтылыққа ұмтылу арасындағы шиеленісті кеңірек көрсетеді. Сыртқы қысымдар күшейген сайын, АҚШ-тың жаңа әкімшілігі, жаһандық сауда соғыстары және қауіпсіздік қатерлері артқан сайын, Германияның келесі үкіметі сақ сайлаушылардың қалауынан да табанды шешім қабылдауға мәжбүр болуы мүмкін.
Келесі екі айда өтетін қысқа сайлау науқанында сахналатын Германияның саяси оқиғалары көптеген Батыс демократиясының қиындықтарының жинағы: қоғамнан алшақтамастан осы қажетті өзгерістерді қалай басқарамыз?
Бұл теңдестіру әрекетінің нәтижесі Германияның шекарасынан тыс жерде резонанс тудырады. Еуропаның болашағын және оның жаһандық сахнадағы рөлін қалыптастырады.
Жағымды жаңалық – Германия терең дағдарыста емес және сайлау нәтижесі ауыр өзгерістерге әкелмейді. Халықтың қалауымен жаңа құраммен коалициялық үкіметтің құрылуы демократиялық елде қалыпты жағдай. Бірақ мәселе мынада, жаңа үкімет бұл қиындықтарды шешу үшін жеткілікті ме?