Танымал брендтер әлеуметтік-мәдени маңызды мотивтер мен нақыштарды модаға айналдыру арқылы жергілікті қоғамның байырғы мәдениетін иемденіп алады. Бұл жағдай дау тудыруда.
Сәнге әртүрлі мәдениеттерден шабыт алу қолайлы, бірақ дизайнды иемдену немесе ұрлау бүкіл әлемде құқықтық және этикалық проблемаларға апарып соғуы мүмкін.
Жақында Мексика президентінің жұбайы Беатрис Гутиеррес Мюллер бір мода брендін жергілікті дизайнды ұрлады деп айыптады және компания кешірім сұрауға мәжбүр болды.
«Сіз бұл жұмысты пайда үшін емес, сүйіспеншілікпен жасайтын жергілікті қоғамдарға келтірген зияныңызды өтейсіз деп үміттенемін», - деді Мюллер. Ол жергілікті мотивтерді пайдалануды «заңсыз және этикаға жатпайды» деп сипаттады.
Бірақ бұл жаңалық емес. Суретші Сариах Парк «TRT World» арнасына жасаған мәлімдемесінде «Бұл брендтің бүкіл империясы бопсалау арқылы құрылған” деді.
Мәдени қарыз алу - бұл басқа мәдениеттен көшіріп алу немесе бұрмалау және оны пайдалану. Бұл көбінесе жергілікті дизайнерлердің хабарынсыз жасалады. Және ақылары төленбейді.
Парктің айтуынша, бұл «мәдени ұрлық» Америка Құрама Штаттарында «байланыс басталған алғашқы күннен бастап» жүріп жатыр. Парк бұл басып алудың жаңа нәрсе емес екенін, бірақ Мюллердің бастамасы арқылы әділетсіздігіне назар аударылғанын айтады.
«Мәдени иелену көбінесе басты мәселе немесе күресуге тұрарлық нәрсе ретінде қарастырылмайды, бірақ мәдени ұрлық күн сайын дүние жүзіндегі байырғы жергілікті халыққа әсер ететін нақты және ауыр зардаптарға әкеледі», - деп жалғастырды Парк.
Мексика үкіметі көптеген танымал брендтің үстінен осындай шағым түсірді.
Мәдени ұрлыққа келтірер мысал көп
Америка Құрама Штаттарында 1830 жылдардан бастап 1978 жылы Америка Құрама Штаттарының Дін бостандығы туралы заңы қабылданғанға дейін жергілікті халықтың дәстүрлі киімін, әдет-ғұрыптарын, тілдерін, рәсімдерін және билерін пайдалануға тыйым салынған еді.
Сондықтан сән брендтері байырғы халықтың мәдениетін иемденгенмен, осы қауымдастықтардың басына төнген тарихи қиындықты елемейді.
«Атақты мода брендтері жергілікті халықтардың дизайндарын көптен бері қолданып жүр, бірақ ұлттық нақыштардың тарихи және мәдени мәнін немесе олардың халық үшін маңыздылығы мен құндылығын түсінбейді» - деді люкс сауда сарапшысы Шанти Амаланатан «TRT World» арнасына берген сұқбатында.
"Бұл қауымдастықтар ұрпақтан-ұрпаққа берілетін нақыштарын қалыптастыру үшін көп уақыт жұмсайды. Ал брендтер бұл дизайндарды иемдену арқылы халықтың еңбегін құрметтемейді. Олар тіпті "сізді біздің таныстыруымыз - артықшылық" дейді", - деді ол.
Бұл мәдени ұрлыққа сансыз мысал келтіруге болады.
«Жергілікті қауымды шабыт ретінде пайдалану, оны тонау және құндылықтарын ұрлау, тіпті дәстүрлі рәсімдер мен қасиетті әдет-ғұрыптарды өз пайдасына қолдану - жиіркенішті», - дейді Парк.
Шығу тегін құрметтеу
Парк пен Амаланатан әртүрлі институттарда жергілікті сән мен мода бизнесін зерттейтін дәріс береді.
«Дизайнерлер білімін сән тарихындағы еуроцентристік көзқарастан тыс жерлерде алса, олар «мәдени ұлтықтың» неге соншалықты зиянды екенін түсінуі мүмкін», - дейді Парк өзінің сөзінде.
31 жастағы Эхо Маллео сән факультетінің магистранты, ол дипломдық жұмысын мұражайларға қойылған ұлттық киімдер мен сән нысандары туралы жазып жатыр.
«TRT World» арнасына сұқбат берген өнер қайраткері жергілікті өнер туындыларынан мотивтер мен символдарды алып, оларды контекстінен тыс қолданудың кең таралғанын, бірақ кейде брендтердің әртүрлі жергілікті қауымның нақыштарын бір киімде біріктіргенін айтты.
«Тек Америка Құрама Штаттарының өзінде жүздеген түрлі жергілікті қоғам бар, бірақ брендтер дизайнды қолданған кезде бұл әртүрлілікті ескере бермейді», - дейді Маллео.
Брендтер бір нәрсенің «жергілікті» екенін мойындағанда, оны белгілі бір қоғаммен байланыстырмай, көбінесе «жергілікті» деп қоя салады.
Амаланатан былай дейді: "Бұл ұқыпты болып көріну үшін киімге затбелгі қоюмен ғана тұрмайды. Көбінесе олар өнімнің шыққан жерін айтып нарыққа шығара алмайды, өйткені олар оны түсінбейді. Бірақ бүгінгі тұтынушы басым әлеуметтік, мәдени идеялардан гөрі шыққан тегі белгілі түпнұсқа өнімдерге көшуде”
Сонымен брендтер жергілікті қауымдастықтарды ренжітпей өз тұтынушыларының өзгерген қажеттіліктерін қалай қанағаттандыра алады?
Ассимиляция және құрмет
Амаланатан бұл мәдени дизайнды иемденбей-ақ құрмет көрсетудің өміршең тәсілі болуы мүмкін деп санайды.
«Люкс сән брендтері сияқты танымал шағын сән брендтері де салада үлкен күшке ие, сондықтан өзгерісті жалғастыру үшін жергілікті тұрғындарғдың даусын естіртуікерек», - дейді ол.
«Осы жергілікті қоғамдармен бірлесе отырып, серіктестік құрып, оларды тану арқылы дизайнерлер мен бұған мүмкіндігі жоқ халыққа жол ашу керек».
Парк сондай-ақ былай дейді: «Мәдени құрмет жергілікті дизайнерлерге қолдау көрсету және олардың өнері мен білімін насихаттау және сақтау үшін жергілікті қауымдастықтармен тікелей жұмыс істеуді білдіреді».
"Егер тұтынушы белгілі бір стильдерге немесе дизайнға қызығушылық танытса және жергілікті қоғамнан «ұрлайтын» брендтерден сатып алғысы келмесе, олар жергілікті дизайнерлерге тікелей хабарласа алады. Егер онлайн платформаларда ізденсеңіз, мүмкіндіктің көп екенін көресіз », - деді Маллео.