Матча шайының тарихи өзгерістері
Матча шайының тарихи өзгерістеріМатча- Жапонияның әлемге танымал дәстүрлі шайы. Алайда жаһандық нарыққа бейімделу барысында ол Батыс мәдениетіне икемденудің құрбанына айналуда ма? Матча тұтынушылары мен жарнамалаушылары оны шынайы болмысынан айырып "тамақ отаршылдығы" деген құбылысты бастатты ма?
Matcha
17 dekabr 2024 г.

Матча. Сіз оны ұнатпасаңыз да, ешқашан дәмін татып көрмеген болсаңыз да бұл атауды естіген боларсыз. Матча көпіршіктері, ашық жасыл түсі және ерекше дәмімен танымал. Біреулер үшін матча салауатты өмірдің негізгі бөлігі, ал басқалар үшін… шөптің дәмімен бірдей.

Жапонияның рухани дәстүрлерімен терең байланысты бұл жасыл шай ұнтағы бүгінде денсаулық, сән-салтанат және әлеуметтік желілердегі ең танымал заттардың символына айналды.

Бүгін біз осы екі пікірді зерттейміз. Матча қасиетті және дәстүрлі нәрседен жаһандық денсаулық трендіне қалай айналды? Ғасырлық тәжірибелер заманауи трендтермен тоғысқанда не болады?

Матчаның тарихы Қытайдың Тан әулеті кезеңінен (618–907 жж.) басталады. Бірақ ол Жапонияда шай мәдениетінің негізіне айналды. Матчаны алғаш рет Қытайда оқу кезінде жасыл шайға тап болған буддист монахтары таныстырған болатын. Олар шай тұқымдарын Жапонияға алып келіп, шай жапырақтарын ұсақ ұнтаққа айналдыру әдісін ойлап тапты. Осылайша матча пайда болды. Матчаның кәдімгі көк шайдан айырмашылығы матчада бүкіл жапырақтардың қолданылуы.  Бұл шайдың қоректік құндылығын барынша арттырады.

Бұл әдіс Жапонияның шай рәсімі Чаноюға айналды. Чаною—қарапайымдылық пен кемелсіздікті дәріптейтін дәстүр. Шайды араластырудан бастап оны ұсынуға дейін рәсімдегі әр қозғалыс  әдейі орындалып, үйлесім мен шай дайындау сәтінің қасиетін көрсетеді.

Бірақ уақыт өте келе кейбір нәрселер өзгерді. Батыста матча салауатты өмір салтының символына айналды. Енді матча бірнеше минут ішінде дайындалып, сироптар мен сүт қосылып, заманауи дәмдерге бейімделді. Осылайша дәстүрлі рәсімдегі тыныштық пен үйлесімділік сәті жоғалды.

Матча латтелері Инстаграмды тексеріп, достармен сөйлесіп немесе хаттарға жауап бере отырып ішілетін сусынға айналды.

Жапондардың дәстүрлі шай бөлмесіне қайта оралайық. Өзіңізді татами төсенішінде отырып, тыныштыққа бөленіп жатқандай елестетіңіз. Қожайын матчаны нәзік бамбук қасық чашаку арқылы өлшейді. Шай ыдысына ыстық су құйылады, ал қоспа нәзік, қолмен жасалған бамбук шайқышпен (часен) араластырылады. Әрбір қимыл арнайы және нақты. Нәтижеде қанық әрі көбікті шай пайда болады. Бұл жай ғана сусын емес, қасиетті процесс. Әрбір жұтым – терең ойға шому мен жан тыныштығына бөлейтін ерекше сәт.

Енді Батыстағы қазіргі матча трендіне оралайық. Матча әлеуметтік желілердің феноменіне айналды.

Кортни Кардашян асүйде тұрып, күнделікті матча шайын қалай дайындайтынын түсіндіреді. Ол камераға сөйлей тұрып, сусынды үлкен металл шайқышпен араластырады. Оның матча дайындауы дәстүрден гөрі күнделікті өмірдің ыңғайлылығын көрсетеді.

Бүгінде матча оның терең мәдени тамырлары үшін емес, «Instagram-ға» жарамды эстетикалық тартымдылығы және күнді бастау үшін денсаулық құралы немесе сәнді өмір салты аксессуары ретіндегі бағаналады. Енді матча дайындау процесі дәстүрге деген құрметтен алыстап, әлеуметтік желіде «лайк» алу ұмтылысына айналды.

Матча сату миллиардтаған долларлық индустрияға айналды. 2023 жылдан 2028 жылға дейін нарықтың 3,8 миллиард доллардан 6 миллиард долларға дейін өсуі болжануда.

Бірақ Батыста сатылатын матчаның басым бөлігі Жапониядағы дәстүрлі шаймен бірдей емес. Нарық сападан гөрі ыңғайлылыққа басымдық беретін арзан өнімдерге толып тұр.

Өсіп келе жатқан танымалдылығымен матча өзінің мәдени тамырларынан айырылған өнімге айналу қаупімен бетпе бет келді. Кейбіреулер бұл құбылысты «тағамдық отаршылдық» деп атайды.

Ғасырлар бойы матчаны ұсыну құрмет пен өзара байланыстың нышаны болған. Дәстүрлі ортада матча дайындау күйбең тірліктен алыстап, біраз баяулаудың сәті болатын. Бүгінгі таңда ол асығыс тұтынылып, мағынасы хэштегтер мен әлеуметтік желі инфлюенсерлерінің жарнамаларымен әлсіреп барады.

Ендеше бұл дәстүрлі және коммерцияланған екі әлемді қалай бірлестіре аламыз? Кейбір шай брендтері матчаның түпнұсқалығын сақтау үшін тұтынушыларға оның шығу тарихы туралы ақпарат беруге тырысады. Дәстүрлі матча дайындауы бойынша шеберлік сабақтары кеңінен танымал болып келеді және адамдардың көбі матчаның латтеден айырмашылықтарын үйренуде.

Егер сіз матчаны ішіп немесе оның жасыл түсі бар суретіне қарап отырған болсаңыз, тоқтаңыз… бір сәт ой елегінен өткізіңіз… заманауи өмірдің қарбаласында да оның тарихы мен дәстүріне қалай құрмет көрсетуге болатынын ойлаңыз.

Бұл ақпарат Сена Серимнің «TRT World-те» жарияланған мақаласынан алынды.

Іздеу
Судан тамыздың басында тырысқақты індет деп жариялады
Оңтүстік Кореяның депутаттары президенттің әскери жағдай жариялауын қабылдамады
Түркия ұшқышсыз ұшақ аппараты секторында Қытай мен АҚШ-ты басып озып, көшбасшы атанды
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
Президент Ердоған: "Ливандағы атыстың тоқтатылғанына қуаныштымыз"
Трамп экспансионист пе? Америкадағы АҚШ оккупацияларына көзқарас
Нетаньяхудың Израиль сот жүйесін қайта қарастыруға талпынысының шынайы себебі
Иран соғысқа қарсы Трамп пен қауіпсіздікке бей-жай қарамайтын діни қызметкерлердің арасында
Нан алуға барған бала Израиль шабуылынан қаза тапты
Жоғалған ұрпақ: Гаитидегі балалар қылмыстық топтардың құрбанына қалай айналуда?
Вашингтонның Қытайдың Африкадағы ықпалын шектеу ұмтылыстары сәтсіздікке ұшырауда
Непал әйелдері гүл жинауды түрлі-түсті индустрияға айналдырды
Кенияда мүйізтұмсықтарды қорғау үшін жасанды интеллект іске қосылды
«Өзеннен теңізге дейін» сөзі нені білдіреді?
Ғарышта ауыл шаруашылығы: үлкен келешегі бар кішкентай өсімдік
TRT Global-ды көріп алыңыз. Өз пікіріңізбен бөлісіңіз!
Contact us