Израиль билігінің Иранның пайдасына тыңшылық жасады деген айыппен көпшілігі еврей 30-ға жуық азаматты тұтқындауы Тегеранның ондаған жылдардағы ең ауқымды жасырын операциясы ретінде сипатталды.
"Бұл – үлкен құбылыс," – деді Израильдің ішкі қауіпсіздік қызметінің (Shin Bet) бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері Шалом Бен Ханан. Ол Иран үшін жұмыс істеуге келіскен еврей азаматтарының таңғаларлық санына назар аудартты.
Сот жазбалары, ресми мәлімдемелер мен дереккөздермен жүргізілген сұхбаттар тартылған тұлғалардың әлеуметтік тұрғыда оқшауланған топтарға жататынын көрсетті. Олар- жаңа иммигранттар, әскерден қашқандар және бұрын сотталған қылмыскерлер.
Иранның бұрынғы тыңшылық операциялары бизнесмендер мен бұрынғы министрлер сияқты жоғары лауазымды тұлғаларды нысанаға алған болса, бұл жаңа толқын қоғамдағы оқшауланған топтарға бағытталды.
Бұл 7 қазан 2023 жылдан бері Израильдің Иранның әскери инфрақұрылымдары мен одақтастарының жетекшілерін нысанаға алған қақтығыстарымен қатар жүрді.
Оқшауланғандардан тыңшыға айналу
Израиль полициясы мен “Shin Bet-тің” мәлімдемесіне сәйкес күдіктілердің кем дегенде екеуі Израильдің ультра-ортодоксалды (қатаң діни) қоғамынан шыққан.
Қазан айында Хайфада жасалған тұтқындаулар бұл схеманың жалғасып келе жатқанын көрсетті.
Қауіпсіздік сарапшысы Хамзе Аттар Иранның екі түрлі әлеуметтік тұрғыда оқшауланған топтары- Әзербайжаннан келген жаңа иммигранттар мен араб израильдіктерді пайдаланғанына назар аударды.
"Бұл – маңызды оқиға," – деп атап өтті ол, Иранның Израиль қоғамының негізгі ағымынан сәл шетте тұрған топтарға қалайша ене алғанын түсіндіре отырып, "Израиль – шағын және, әдетте, біртұтас қоғам болғандықтан, шетелдік тыңшылық агенттіктері үшін іс жүзінде қолжетімсіз ел болып саналып келген." деді ол.
Аттардың айтуынша Иранның оқшауланған топтарды "активке" айналдыра алуы – маңызды барлау жетістігін білдіреді.
Цифрлық тыңшы тарту жолы
Израиль полициясы қараша айында жариялаған ескертулерге сәйкес Иранның барлау агенттіктері тыңшыларды әлеуметтік желілер арқылы жүйелі түрде анықтаған.
"Кейде әдіс таңғаларлықтай қарапайым болды: Reuters көрген бір хабарламада израильдік азаматқа байланыс мәліметтерімен бірге ақпарат беру үшін 15 000 доллар уәде етілген."
Сонымен қатар Иран Канада мен АҚШ-та тұратын Кавказдан шыққан еврейлердің желілеріне де назар аударған.
2007 жылға дейін жұмыс істеген бұрынғы израильдік қарсы барлау қызметкерінің айтуынша бұл әрекеттер Иранның дүниежүзіндегі әлеуетті оқшауланған еврей қауымдастықтарын нысанаға алуға бағытталған ауқымды стратегиясын көрсетеді.
"Алдымен тартылған адамдарға ақшаға болмашы тапсырмалар беріледі, кейін олардан нақты әскери инфрақұрылымдар мен тұлғалар туралы ақпарат талап етіледі," – деді ол.
Бұл операциялар көбінесе шантаж арқылы күшейтілетін.
Бұл жүйелі деңгейдегі тыңшылықтың мысалы ретінде “Victorsson” ісі қарастырылады.
“Shin Bet” пен полиция жүргізген тергеулер оның бастапқыда Тель-Авивтің Хаяркон саябағында граффити салу, ақша жасыру, плакат ілу және көлік өртеу сияқты тапсырмаларды орындағанын және осы үшін 5 000 доллардан астам алғанын анықтады.
Кейін қауіпсіздік қызметтерінің мәліметінше оған суицид жасау және қару-жарақ жеткізу сияқты аса маңызды тапсырмалар ұсынылған.
“Shin Bet-тің” 21 қазандағы мәлімдемесінде бұл тыңшылық әрекеттер "Израиль мемлекеті куә болған ең ауыр оқиғалардың бірі" ретінде сипатталды.
"Бұл жағдайға қатысты толық ақпаратты жариялау шешімі – Израильдің қауіпсіздік қызметтерінің Иранға және ел ішіндегі мүмкін саботаж жасаушыларға олардың міндетті түрде ұсталып, жазаланатыны туралы хабар беру амалы болды," – деп түсіндірді Бен Ханан.
"Халықты ескерту қажет. Сонымен қатар жаумен жұмыс істеуді ойлап жүрген немесе жоспарлап отырған адамдарға сабақ беру керек."
Израиль жылдар бойы өзінің басты қарсыласымен жүргізген "көлеңкелі соғыста" елеулі барлау жетістіктеріне қол жеткізді. Бұл қатарға жоғары лауазымды ядролық ғалымдардың өліміне қатысты айыптаулар да кіреді.
Тұтқындаулардан кейін Иранның БҰҰ-дағы миссиясы Израиль азаматтарын тыңшы ретінде тарту әрекетін растамады, жоққа да шығармады.
Бірақ мәлімдемеде "Иран барлау қызметтерінің мұндай әрекеттері күдік тудырмау үшін ирандық немесе мұсылман емес адамдарға бағытталуы ықтимал" делінген.