Екі «Палестинаның» хикаясы
Екі «Палестинаның» хикаясыБұл мақалада біз Таяу Шығыстағы тарихи Палестинамен аты ортақ Иллинойс штатындағы бейбіт американдық Палестина ауылының адамдарымен сұхбат етеміз. Ортақ атауға қарамастан екі жердің тарихы мен болашағының айырмашылығы таң қалдырады.
Палестинадағы екі тал туралы аңыз
19 دسمبر 2024

Бұл Палестина, бірақ бұл сіз білетін Палестина емес шығар. Бұл Палестина - АҚШ-тың ортасында Иллинойс штатының шетінде орналасқан шағын ауыл. Бұл 2000 адамнан аз халқы бар бейбіт, қауіпсіз бір жер. Бәрі «бір-бірін танитын» жер.

Бірақ бұл американдық ауылдың Таяу Шығыстағы Палестина мемлекетімен қандай байланысы бар екен?

Бүкіл өмірін америкалық Палестинада өткізген 76 жастағы зейнеткер Джуди Бекс бірнеше жылдан бері артқы есігін құлыптамағанын айтады. Бекс әкесі мен одан бұрынғы ұрпақтар сияқты осы ауылда туып-өскен.  Анасы жақында жүз бір жасқа толды.

Көптеген жергілікті ферма жүз жылдан астам уақыт бойы бір отбасының меншігінде болып келеді, дәл қазір бес миллионнан астам адам қауіп астында өмір сүріп жатқан Палестинадағы ұрпақтан ұрпаққа берілетін үйлер сияқты. Ал бүгінде Израильдің Газаға қарсы соғысы бір жылдан асқан кезде екі миллионға жуық палестиналық босқынға айналды.

Ал неліктен Американың орта батысындағы бұл шағын ауыл Таяу Шығыстың тарихи жерлерімен аттас?

1678 жылға оралайық.

Француз зерттеушісі кейін АҚШ болатын бұл аймаққа келіп жетті. Жан Ламотт ауылдың құнарлылығы оған «сүт пен бал елін» еске түсіретінін айтты. Бұл сипаттама Таяу Шығыстағы Палестина аймағына байланысты жиі айтылады.

АҚШ-та шетелдік аймақтардың атымен аталған көптеген жер бар. Мысалы Пенсильваниядағы Ливан және Огайодағы Дублин сияқты.

Бірақ америкалық Палестинадағы өмір Газадағы қоршауда қалған палестиналықтардың өмірінен мүлдем өзгеше.

Бекс Израильдің Газаны бомбалауы туралы жаңалықтарды тыңдайды.

Ол марқұм қайын енесі аймақта жұмыс істейтін «Шекара асқан дәрігерлер» сияқты ұйымдарға қайырымдылық жасайтынын естіген. Қайын енесі қайтыс болса да күйеуі екеуі ұйымдардан әлі де хат алып турады.

Бірақ көп жағдайда Бекс пен ауылдағы адамдар Таяу Шығыстағы Палестинаны күйретіп жатқан қақтығыстарды көп біле бермейтіндерін айтады. Олардың АҚШ-тағы Палестинасында өмір баяу және тыныш, тіпті полиция үшін де. Олардың басты міндеті – 80 жастан асқан ұзақ жылғы әкім Пэт Скофилдтің қадағалауымен жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салу. Ауылда көрнекті жерлер аз. Бекс зейнеткер, сондықтан күнделікті өмірі "онша қарбалас емес" дейді. Ол көбінесе жақында ауылдағы опера үйін жөндеген тарихи қоғам үшін ерікті болып жұмыс істейді.

Бүгінде “Tripadvisor-дағы” ауылдың ең жоғары бағаланған қызықты жерлері – "өте биік жартастан Уобаш өзенінің керемет көрінісін тамашалау" және “Heath” кәмпит мұражайына бару.

Сондай-ақ бір онлайн-блогер тірі ойын-сауық, трактор сүйреу және т.б. шараларды қамтитын ауылдың үш күндік родеосын жоғары бағалаған.

Бұл екі Палестина географиялық жағынан да, басынан өткергендері жағынан да бір-біріне ұқсамаса да америкалық ауылдың тарихы Палестинаның бай мұрасы мен заңдылығын растайды.

Білетініміздей Израиль 1948 жылы Палестинадан бөлініп шықты.

Содан бері сионистер тарихи Палестинаның естелігін өшіруге тырысып келеді. Олар тіпті Палестина деген атпен ешнәрсе болмаған деп те мәлімдеді. Сондықтан АҚШ-тың орталығында Палестина атауымен ғасырлық ауылдың болуы Израильдің әлем картасында пайда болмай тұрып палестиналық жерлер мен халықтың бар болғанының бір дәлелі.

Бұл ақпарат Эзги Топердің «TRT World-те» жарияланған мақаласынан алынды.

Іздеу
Судан тамыздың басында тырысқақты індет деп жариялады
Оңтүстік Кореяның депутаттары президенттің әскери жағдай жариялауын қабылдамады
Түркия ұшқышсыз ұшақ аппараты секторында Қытай мен АҚШ-ты басып озып, көшбасшы атанды
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
Президент Ердоған: "Ливандағы атыстың тоқтатылғанына қуаныштымыз"
Трамп экспансионист пе? Америкадағы АҚШ оккупацияларына көзқарас
Нетаньяхудың Израиль сот жүйесін қайта қарастыруға талпынысының шынайы себебі
Иран соғысқа қарсы Трамп пен қауіпсіздікке бей-жай қарамайтын діни қызметкерлердің арасында
Нан алуға барған бала Израиль шабуылынан қаза тапты
Жоғалған ұрпақ: Гаитидегі балалар қылмыстық топтардың құрбанына қалай айналуда?
Вашингтонның Қытайдың Африкадағы ықпалын шектеу ұмтылыстары сәтсіздікке ұшырауда
Непал әйелдері гүл жинауды түрлі-түсті индустрияға айналдырды
Кенияда мүйізтұмсықтарды қорғау үшін жасанды интеллект іске қосылды
«Өзеннен теңізге дейін» сөзі нені білдіреді?
Ғарышта ауыл шаруашылығы: үлкен келешегі бар кішкентай өсімдік
TRT Global-ды көріп алыңыз. Өз пікіріңізбен бөлісіңіз!
Contact us