Мәдениет және туризм министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда, қазба жұмыстарын 9 Эйлюл университетінің су асты зерттеу орталығы (SUDEMER) “Көгілдір мұра” жобасы аясында жүргізіп жатыр.
Биылғы қазба жұмыстары кеме туралы және оның суға батқан кезеңіне қатысты таңғаларлық тұжырымдар берді. Қазба барысында янычарылардың 14 мылтық, 2500-ге жуық қорғасын оқтары мен жарылған зеңбірек оқтары табылды. Бұл кеменің соғыста болғанын көрсетеді.
Бұған қоса, Қытайда Ислам елдері нарықтары үшін шығарылған деп болжанған көк түсті фарфор ыдыстар болса кеменің арнайы жорық немесе дипломатиялық миссияда болған болуы мүмкін деген болжамға алып келеді. Фарфорлардың қапталған күйде табылуы оның сыйлық болуы мүмкін екенін көрсетеді.
Экипаж мен сарбаздарға тиесілі деп есептелген жеке заттар да табылды. Оларға темекі түрлері, ағаштан жасалған тарақтар, мыс қазандар, керамикалық құмыралар жатады. Тунистің Джерба аймағынан шыққан керамиканың болуы да кеме Солтүстік Африкадан келген болуы мүмкін деген болжамға жол ашады.
«Қызлан» батқан кемесі түрік су айдынында алғаш рет Османлы сарбаздары мінген кеменің қалдықтары табылғандықтан тарихи маңызға ие.
Кеменің оң жағындағы бөліктер бұл кеменің құрылыс техникасы туралы құнды ақпарат береді. Барлық жәдігерлер кеменің 17 ғасырдың екінші жартысында бір шайқастан кейін суға батқанын көрсетеді.
Қазба жұмыстары 2025 жылы аяқталады және бұл жаңалық Османлы теңіз тарихы туралы жаңа мәліметтер береді деп күтілуде.