Жасөспірім қыздардағы сұлулық түсінігі
МӘДЕНИЕТ
4 минут оқу
Жасөспірім қыздардағы сұлулық түсінігіКөп таралған видеолар мен инфлюенсер мәдениеті арқылы қалыптасқан сұлулық түсінігі жасөспірім қыздардың өміріне қалай әсер етеді?
FP Beauty Trends Шығармалары
24 Shkurt 2025

Бүгінгі таңда сұлулық әр жерде, телефонымызда, жаңалықтар таспасында және біз қолданатын әрбір платформада. Әлеуметтік желілер мен инфлюенсерлер жас қыздардың өздерін қалай қабылдайтынына ықпал етеді. Сұлулық  видеоларын көру бастапқыда көңіл көтерудің бір түрі болғанымен, тері күтіміне байланысты әуестікке айналып кетуі мүмкін. Ал жас қыздар ересектерге арналған сұлулық стандарттарын ұстанса не болады? 

Осы эпизодта біз көп таралған видеолар мен инфлюенсер мәдениеті арқылы қалыптасқан сұлулық түсінігінің жасөспірім қыздардың өміріне қалай әсер ететінін қолға аламыз. 

Оқиға сұлу көрінуге деген риясыз сеніммен басталды. 11 жастағы Скарлет сұлулық инфлюенсерлерін көруді  ұнататын. Ол олардың жарқыраған терісі мен керемет көрінетін тері күтімі өнімдеріне тамсанды. Алайда бұл тамсану қысқа уақытта жаман әуестікке айналды. Скарлет 10 жасқа толған кезде, әжімдеріне алаңдай бастады. Тазартқыштар, маскалар, спрейлер, ылғалдандырғыштар дей келе тері күтімі тәртібін толықтай қалыптастырды. 

Алайда керісінше көп ұзамай бет терісі күйе бастады.  Ол қолданған өнімдер ересектерге арналған өнімдер болатын. Оның нәзік және  жас терісіне тым ауыр тиді. Бірнеше ай өтсе де, Скарлет бұл мәселені шеше алмады. 

Скарлеттің оқиғасы алғашқы оқиға емес. Бұл - өсіп келе жатқан тенденцияның көрінісі. 8 жастағы қыздар да химиялық күйік және аллергиялық реакциялар үшін  дерматологқа көрінеді. #SephoraKids сияқты вирустық трендтер бұл әуестікті күшейтіп, қыздарды үлкен әйелдерге арналған тері күтімін жасауға итермелейді. Алайда зияны тек қана денедегі әсермен шектелмейді. 

Сарапшылар бұл психологиялық зиянға да әкелетінін ескертеді. TikTok және Instagram сияқты платформалар жас қыздарды мінсіз сұлулық, мінсіз тері мен жылтыраған шашқа ұмтылуға мәжбүр етеді. Осындай суреттер мен көріністер негізінде түрлі сүзгі қолдану арқылы жасалады. Алайда жас қыздар кейде мінсіз көріністің артындағы бұл айлакерліктерді байқай бермейді. 

Бұл жасанды бейнеге  сәйкес болуға деген қысым зиянды нәтижеге әкелуі мүмкін. Көптеген зерттеу сыртқы келбет құмарлығының өзіне деген сенімге зиян келтіруі мүмкін екенін көрсетеді. Жас қыздар осы стандарттармен сәйкесуге тырысқан сайын, есейе келе алаңдаушылық, өзіне деген сенімсіздік және тіпті депрессияға душар болады. Көптеген адам үшін тері күтімі тек тері  күтуден  гөрі  әлеуметтік бейімделу проблемасына айналды. 

Нью-Йоркте тұратын 14 жастағы Миа тері күтіміне көп мән бермейтін. Алайда сегізінші сыныпта бәрі өзгерді. Құрбылары бет терісіне күтім жасайтын еді,  ал әлеуметтік медиа инфлюенсерлері оған "сол топта орын алу" үшін не істеу керектігін көрсетті. Басқа қыздар  сияқты Миа да өзінің ақшасын  тері күтіміне арналған люкс өнімдерді сатып алу үшін жұмсады. Өзінің сүйікті инфлюенсерлерінің қолданған өнімдерін сатып алды. Бұл жай қызығушылықтан басталып, қымбат әдетке айналды. Спрейлер, серумдар, ылғалдандырғыштар, барлығы жоғары бренд өнімдері. Оның сатып алған өнімдерінің құны ересектердің жұмсайтын ақшасынан әлдеқайда көп болды. Тері күтімі тек бет-әлпетпен шектелмеді, әлеуметтік бір ортаға тиесілі болудың жолына айналды. 

Осы жастағы қыздардың тері күтіміне деген әуестігі үлкен проблеманың бір бөлігі, яғни жастарға әлеуметтік медианың әсері. Миа өзімен жасты қыздар секілді  "Бірге дайындалайық" деген видеоларға  беріліп кетті. Осындай видеоларда инфлюенсерлер өздерінің күнделікті тәртібін  миллиондаған оқырманымен бөліседі. Бұл инфлюенсерлерге брендтер жарнама үшін қомақты сома төлейді. Яғни бір достан бір досқа айтылған кеңес сезімін оятады. 

Бұл жерде басты мәселе - жас қыздардың онлайн нұсқаулық видеоларынан үйренгендері.  Оларға өз келбеттерін қалай жақсартуға болатыны үйретіледі, ал бұл олардың өздерін жеке тұлға ретінде қалыптастыратын кезеңдері. Ғылыми зерттеулер сыртқы келбетке деген әуестік алаңдаушылық, депрессия және дене образына байланысты проблемаларға ықпал ететінін көрсетті. Әуестік күшейген сайын, сұлулық индустриясы осы тенденциядан пайда табады.

Зерттеулер көрсеткендей, қазір 14 жасқа дейінгі балалар тері күтімі өнімдері саудасына бағыт береді.  Алайда олар сатып алатын көптеген өнім зиянды қоспалардан тұрады. Бұл қоспалар жас теріге ұзақ мерзімді зиян келтіруі мүмкін. Ал дерматологтар балаларға тек негізгі өнімдерді қолдануды ұсынады. Бұлар  — тазартқыш, ылғалдандырғыш және күннен қорғайтын крем. Жас адамның тесіріне одан артық ештеңе керек емес. Басқа өнімдер терінің ерте қартаюына және дақтануына әкеліп соғуы мүмкін. 

Ересектерге арналған өнімдердің жас теріге зияны туралы ескертулерге қарамастан, косметикалық компаниялар осы қорғансыз аудиторияға маркетинг жүргізуді жалғастыруда. Кейбір елдерде, мысалы Швецияда балаларды қорғау үшін қатаң заңдар бар. Осы елдерде жөспірімдерге қартаюға қарсы өнімдерді сатып алу үшін ата-ананың рұқсаты қажет. Сонымен бірге  АҚШ-тағы Калифорния секілді кейбір штаттарда 13 жасқа дейінгі балаларға осындай өнімдерді сату үшін  жүргізілген әрекеттер іске аспады.

Кейбір ата-аналар үшін күрес үйден басталады. Көпшілігі балалары қолданатын тері күтіміне арналған өнімдердің санын көріп таң қалады. Мианың анасы Сандра секілді кейбірі болса баласының қолындағы барлық өнімді бірден лақтырып тастауға дейін барады. Басында Миа бұған қарсы болды.  Алайда кейінірек анасының шешімінің орынды екенін түсінді. Қарапайым күтім арқылы бет терісі жақсарып, ең бастысы,өзіне деген сенімі арта түсті. 

Ал Скарлеттің анасы керісінше, теріге зиян келгенге дейін байқамады. Қызының қандай ауыртпалықты басынан өткергенін көргеннен кейін ғана  анасы мұқият бола бастады. Бүгінгі таңда ол балаларға арналған тері күтімі нарығында қатаң ескертулер мен қосымша қорғау шараларын жақтаушыға айналды.

Сұлулық индустриясы кеңейген сайын және әлеуметтік медианың ықпалы тараған сайын, жас қыздарды мінсіз сұлулық стандарттарына сай болу қысымынан қорғау қажет. Миа мен Скарлеттің оқиғаларына ұқсас оқиғалар  күннен-күнге көбейіп келеді. Кейбір ата-аналар қол ұшын созса да, сарапшылар өзгеріс жоғары жақтан болуы керек дейді. 

Мына сұраққа жауап беруіміз керек: келесі ұрпаққа не үйретіп жатырмыз? Сұлулық па? Әлде  өзін табиғи қалпында қабылдау ма?

Іздеу
Судан тамыздың басында тырысқақты індет деп жариялады
Оңтүстік Кореяның депутаттары президенттің әскери жағдай жариялауын қабылдамады
Түркия ұшқышсыз ұшақ аппараты секторында Қытай мен АҚШ-ты басып озып, көшбасшы атанды
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
Президент Ердоған: "Ливандағы атыстың тоқтатылғанына қуаныштымыз"
Трамп экспансионист пе? Америкадағы АҚШ оккупацияларына көзқарас
Нетаньяхудың Израиль сот жүйесін қайта қарастыруға талпынысының шынайы себебі
Иран соғысқа қарсы Трамп пен қауіпсіздікке бей-жай қарамайтын діни қызметкерлердің арасында
Нан алуға барған бала Израиль шабуылынан қаза тапты
Жоғалған ұрпақ: Гаитидегі балалар қылмыстық топтардың құрбанына қалай айналуда?
Вашингтонның Қытайдың Африкадағы ықпалын шектеу ұмтылыстары сәтсіздікке ұшырауда
Непал әйелдері гүл жинауды түрлі-түсті индустрияға айналдырды
Кенияда мүйізтұмсықтарды қорғау үшін жасанды интеллект іске қосылды
«Өзеннен теңізге дейін» сөзі нені білдіреді?
Ғарышта ауыл шаруашылығы: үлкен келешегі бар кішкентай өсімдік
TRT Global-ды көріп алыңыз. Өз пікіріңізбен бөлісіңіз!
Contact us