ТҮРКИЯ
5 минут оқу
Менің досым Айшенұр әділет пен Палестина бостандығы үшін батыл қорғаушы болды
Жас түрік-америкалық белсенді Палестинаның азаттығы мен әділеттілік үшін күрескен, мейірімді және табанды адам ретінде есте қалады.
Менің досым Айшенұр әділет пен Палестина бостандығы үшін батыл қорғаушы болды
hace 6 horas

Сол уақытта Айше студенттік қозғалыстың көшбасшыларының бірі ретінде маңызды рөл атқарды.

Жас түрік-америкалық белсенді университет өмірі мен одан кейінгі кезеңде Палестина халқының әділеттігі мен басқа да көптеген мақсат үшін күресуге ынталанған болатын.

Өмір бізді Палестина халқының бостандығы үшін біріктірді және мен таныған Айше керемет адам еді. Ол өте мейірімді, сүйкімді және батыл, мықты көшбасшы болатын.

26 жастағы Айшенің көп  досы болды. Ол әрқашан күлімсіреп жүретін, айналасына позитивті энергия шашатын жан болатын.

Айше әрдайым басқаларға көмектесуге және достарының жағдайын білуге ынталы еді. Ол қаншалықты бос емес болса да, достарының жағдайын сұрап, көмек қолын ұсынатын.

Барлығы үшін теңдік

Айшенің ерекше қасиеттерінің бірі оның таңғаларлық табандылығы еді. Ол бұл қасиетін адамдарды қуантуға тырысып, әзілқойлығымен теңестіре алатын. Бірақ сонымен қатар ол өте байсалды болатын.

Оның өзінің әлеуметтік санасын көбінесе маңызды іс-шараларды ұйымдастыруға арнайтын.

Айше Палестинаны ерекше жақсы көрді және университет кампусында маңызды рөл атқарды. Ол студенттермен және университет әкімшілігімен байланысып, іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысатын.

Ол мұны студенттік білімін теңдестіре отырып жүзеге асырды. Қорытынды емтихандарына бар күшін салып дайындалып, жақсы бағалар алып, нәтижесінде Вашингтон университетін бітірді.

Айше әділеттілікті тек Палестина ісін қорғаумен ғана емес, сонымен қатар барлығы үшін теңдік үшін күресумен байланыстырады деп сенетін.

Жас белсенді ретінде ол өзінің әлеуметтік санасын дамыта отырып, шетелге де саяхат жасады. Бірнеше жыл бұрын Оңтүстік-Шығыс Азияда рохинджа халқына қарсы жасалған геноцидті бақылау үшін Мьянмаға барды.

АҚШ-тың Сиэтл қаласында жас кезінде Анталиядан кеткен соң өзіне үй деп қабылдаған осы қалада Айше нәсілдік әділеттілік үшін күресті және "Black Lives Matter" (BLM) қозғалысына да қатысты.

Айше өте адал адам болатын. Ол әрдайым жүрегінің қалауымен әрекет ететін және не істесе де үлкен сүйіспеншілікпен жасайтын.

Оның өмірді қатты сүйетінін, білімін жалғастыруға деген ынтасын және басып алынған Батыс Шерияға баруды қаншалықты аңсағанын ешқашан ұмытпаймын.

Батыс Шерияға сапар

Айше ол жерге баруға қатты ынталы болды. Ол 1967 жылдан бері толық әскери оккупацияға ұшыраған Батыс Шериядағы Палестина халқының шынайы жағдайын өз көзімен көруді және кейінгі этникалық тазартудың салдарларымен бетпе-бет келуді мақсат етті.

Қазан айынан бастап Израильдің Палестина халқына шабуылдары күшейгеннен бері әскери күштер 41 000-нан астам адамды өлтірді, олардың басым бөлігі әйелдер мен балалар болды. Оккупацияланған Батыс Шерияда Израиль қазірге дейін шамамен 700 адамды өлтіріп, 5 700-ден астамын жаралады.

Осы жағдай аясында біз жиі хабар алмасып тұрған кезімізде Айше маған әкесі мен басқа университет профессорларының сонда болуының қаншалықты қауіпті екенін және олардың қатты алаңдаушылық білдіріп отырғанын айтты.

Бірақ ол нағыз күрескер еді. Айше сонда да Батыс Шерияға барғысы келді. Ол сол жерде нақты не болып жатқанын өз көзімен көріп, кейін әлемге бұл шындықты жеткізуді жалғастыруды яғни жиі цензураға ұшырайтын шындықты айтуға үлес қосуды қалады.

Айше барлық қауіп-қатерді білетін, бірақ соған қарамастан баруға бел буды. Ол ештеңе жасамай, үнсіз қарап отырған әлемнің көз алдында Газа халқымен бірге болуды қалады.

Оның Халықаралық Ынтымақтастық Қозғалысы (ISM) мүшелерімен бірге жолға шығуының басты себебі сол хабарды әлемге жеткізуді жалғастыру және Израиль оккупациясы мен қатыгездігінің нақты бейнесін көрсету болатын.

Айшемен соңғы телефон арқылы сөйлесуім оның өлтірілуінен бірнеше сағат бұрын болды. Біз екі сағаттан астам уақыт сөйлестік.

Сол кезде мен Айшенің жүрегіндегілерді ашық айтып жатқанын сезіндім. Ол оккупацияның қаншалықты қатыгез екенін және ол жерде өмір сүрудің қаншалықты қиын екенін айтты. Бұл Палестина халқы ретінде мен және отбасым сезінген шынайы оқиға.

Мен де сол жерде тұтқындалғанмын, жасырын әскери күштер бауырымды да ұстап алып кетті. Әкем де тұтқынға алынды және бір жолы аяғынан оқ жарақатын алды.

Оккупациядағы өмір

Батыс Шериядағы басып алынған аймақтарынан қасиетті Иерусалим қаласына дейінгі бақылау-өткізу пункттерінен өткенде нәсілдік кемсітушілік пен қауіп-қатерді тікелей сезінесіз.

Көптеген палестиналық еш себепсіз оққа ұшып, көз жұмып жатыр. Менің сол жақтағы палестиналық достарым бұл шындықты күн сайын бастан өткеруде. Олар бақылау бекеттерімен қоршалған.  Үйлеріне қауіп төніп тұр, қонақтарының қауымға кіруіне немесе шығуына тыйым салынуда. Бұған қоса  көпшілігі ұзақ сағат бойы әділетсіздікпен күтуге мәжбүр.

Телефон арқылы сөйлескенімізде Айше жергілікті тұрғындардан естіген оқиғалары және басқыншылықтың әкелген азабы жайлы айтты.

Сонымен қатар ол Иерусалимдегі тәжірибесі туралы айтып берді. Оған израильдік сарбаздар тарихи Әл-Ақса мешітіне кіруге рұқсат бермеген.

Айше оккупацияның қатыгез шындығымен бетпе-бет келді, ал бұл палестиналықтар үшін күнделікті өмірдің бір бөлігі еді. Ол маған Израиль шекарасында паспортын тартып алып, саяхаты туралы сұрақтар қойып, ұзақ уақыт бойы күттіргенін, ақырында оны ішке кіргізгенін айтты.

Айшені әділеттілік пен Палестина бостандығы үшін өмірінің соңына дейін күрескен адам ретінде еске аламыз. Біз оны ешқашан ұмытпаймыз. Әлем оны ешқашан ұмытпайды және біз оккупация аяқталғанға дейін күресті жалғастыра береміз.

Сол жерде бірнеше күн ғана болғанына қарамастан оның негізгі айтқан тақырыбы Палестинадағы азап пен әділетсіздік еді.

Мұра

Айшенің қайғылы қазасынан бұрын жоспарлары бар еді. Бірнеше күннен кейін ол Хеброн қаласында менің отбасыммен кездесуі тиіс болатын, алайда бұл кездесу ешқашан жүзеге аспады.

Айшені біз әрдайым әділет пен Палестина бостандығы үшін күрескен адам ретінде еске аламыз. Оны ешқашан ұмытпаймыз. Әлем де оны ешқашан ұмытпайды, ал біз оккупация аяқталғанға дейін күресуді жалғастырамыз.

Біз әрдайым оның бастамасын жалғастырамыз және әлемге әділдік пен теңдік туралы үндеуімізді жеткізуді тоқтатпаймыз, өзгеріс болғанға дейін.

Айшенің мұрасы – өз қауымын біріктіру болатын. Оның есімін ұлықтау үшін қауым белсенділері мен әділет үшін күрес топтары оның қайсарлығы мен адалдығынан шабыт ала отырып, бірігіп, Айше армандаған өзгерісті жүзеге асыру үшін бірге жұмыс істейді.

Іздеу
Судан тамыздың басында тырысқақты індет деп жариялады
Оңтүстік Кореяның депутаттары президенттің әскери жағдай жариялауын қабылдамады
Түркия ұшқышсыз ұшақ аппараты секторында Қытай мен АҚШ-ты басып озып, көшбасшы атанды
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
Президент Ердоған: "Ливандағы атыстың тоқтатылғанына қуаныштымыз"
Трамп экспансионист пе? Америкадағы АҚШ оккупацияларына көзқарас
Нетаньяхудың Израиль сот жүйесін қайта қарастыруға талпынысының шынайы себебі
Иран соғысқа қарсы Трамп пен қауіпсіздікке бей-жай қарамайтын діни қызметкерлердің арасында
Нан алуға барған бала Израиль шабуылынан қаза тапты
Жоғалған ұрпақ: Гаитидегі балалар қылмыстық топтардың құрбанына қалай айналуда?
Вашингтонның Қытайдың Африкадағы ықпалын шектеу ұмтылыстары сәтсіздікке ұшырауда
Непал әйелдері гүл жинауды түрлі-түсті индустрияға айналдырды
Кенияда мүйізтұмсықтарды қорғау үшін жасанды интеллект іске қосылды
«Өзеннен теңізге дейін» сөзі нені білдіреді?
Ғарышта ауыл шаруашылығы: үлкен келешегі бар кішкентай өсімдік
TRT Global-ды көріп алыңыз. Өз пікіріңізбен бөлісіңіз!
Contact us