Батыс елдері Хамас жүргізген операцияларға қатаң назар аударады, ал сионистердің 1940 жылдан бастап жылдар бойы созылған лаңкестік науқанына мән бермейді.
7 қазандағы шабуылдан кейін АҚШ президенті Джо Байденнен бастап Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак және Франция президенті Эммануэль Макрон сияқты батыс жетекшілері Хамасты айыптап, ДАИШ лаңкестік ұйымымен салыстырды.
1940 жылдары Хамас сияқты палестиналық тойтарыс топтары Израиль оккупациясына қарсы қару алғанға дейін көптеген еврей милициясы британдық шенеуніктер мен палестиналық арабтарды бомбалап, өлтірген болатын.
Хаганадан Иргунға және Стерн бандасына (Лехи) дейінгі еврей топтары британдықтардың Палестинадағы мандатына қарсы тұру және араб азаматтары арасында үрей тудыру үшін терроризмді белсенді түрде пайдаланды.
Канададағы Нью-Брансуик университетінің соғыс және қоғамды зерттеу жөніндегі Грегг орталығының аға ғылыми қызметкері және әскери тарих профессоры Дэвид Чартерс «Мен 1940 жылдардағы еврей терроризмі тактикалық және стратегиялық тұрғыдан маңызды деп ойлаймын. Еврей лаңкестер тактикалық деңгейде британдық қауіпсіздік күштерінің үмітін ақтамады және Палестинаны бақылау қабілетін жойды», - деп жазады.
«Бұл стратегиялық деңгейде Ұлыбританияны Палестинадан шығуға көндіруде үлкен рөл атқарды және Израильдің құрылуына және кейіннен араб-палестина диаспорасының құрылуына жағдай туғызды», - деп жазады Чартерс «Еврей терроризмі және қазіргі Таяу Шығыс» атты мақаласында.
Америкалық әскери сарапшы Джон Лоис Пик де Израиль идеясының негізі сионистік лаңкестік екенін жазады. Пик өзінің «Еврей-сионистік терроризм және Израильдің құрылуы» атты кітабында «Британдықтар мен арабтарға қарсы еврей терроризмі британдықтардың Палестинадан шығуына, Ұлттар Лигасының мандатынан бас тартуына және Израиль еврей мемлекетінің құрылуына үлкен үлес қосты» деп жазады. Сионистік лаңкестік топтар 1940 жылдары әскери нысандарға ғана емес, бейбіт тұрғындарға да аяусыз шабуыл жасаған болатын.
1945 жылдың қазан айында еврейлердің жерасты топтары (астыртын) бір мезгілде Палестинада теміржолдарын, мұнай өңдеу зауыттарын және полиция кемелерін нысанаға алды. Бұл еврейлердің британдықтар мен палестиналықтарға қарсы екі жылдық көтеріліс кезеңінің бастауы болды.
1946 жылы шілдеде еврейлер Иргун британдық штаб-пәтері орналасқан Иерусалимдегі «Кинг Дэвид» қонақүйін жарып жіберді. Шабуылда 92 адам қаза тапты.
Пик Роберт Аспрей, Менахем Бегин және Сэмюэл Катц «Кинг Дэвид» қонақүйін екі себеппен жарып жібергенін айтады. «Британдықтардың еврей агенттігіне жасаған шабуылына кек қайтару және еврей агенттігі мен Дэвид Бен Гурионды Хагана терроризмімен байланыстыратын құпия құжаттарды жою», -дейді Пик.
Хагана 1897 жылы Швейцарияның Базель қаласында өткен Бірінші сионистік конгресте сионизмнің негізін қалаушы Теодор Герцлдің Дүниежүзілік сионистік ұйымның операциялық бөлімі Палестина бойынша еврей агенттігінің қарулы қанаты болды.
1948 жылдан кейін атауын Израильге арналған еврей агенттігі деп өзгерткен Палестина бойынша еврей агенттігі басқа елдерден еврейлердің Израильге иммиграциясын дамытуды, жеңілдетуді мақсат етті.
Бен Гурион 1935-1948 аралығында Израиль мемлекеті құрылғанға дейін Еврей агенттігінің төрағасы қызметін атқарды және Хагананың қызметінде маңызды рөл атқарды. Гурион кейін Израильдің алғашқы премьер-министрі болды.
«Қорғаныс күші» деген мағынаны білдіретін Хагана Израильдің негізі қаланғаннан кейін сионист жетекшілерінің қарулы күштерін Израиль Қорғаныс Күштері деп атауға негіз болды.
«1940 жылдардағы астыртын әрекеттерден еврей терроризмі әскери операцияларға, ал террористік ұйым Израиль қорғаныс күштеріне айналды», - деп жазды Пик.
Сионистік «этникалық тазарту»
1948 жылы 9 сәуірде Иргун мен Лехи содырлары Дейр Ясин қырғынында кем дегенде 107 палестиналық ауыл тұрғынын, соның ішінде әйелдер мен балаларды өлтірді. Дейр Ясин 600-ге жуық халқы бар Палестина ауылы болатын.
Иргунның Дейр Ясиндегі бейбіт Палестина халқына қарсы террорының қатыгездігі палестиналық арабтарды қорқытуды көздеді. «Фатх» қозғалысының негізін қалаушылардың бірі Салах Халаф 1979 жылы француз журналист Эрик Рулоға берген сұқбатында «Бұл палестиналықтарды өз жерін тастап кетуге мәжбүрлеу демек» деген болатын.
Палестинаның тойтарыс ұйымы «Фатх» - басып алынған Батыс Шерияны басқаратын және халықаралық платформада мойындалған Палестинаны азат ету ұйымының жетекші фракцияларының бірі.
«Фатх» қазір халықаралық қауымдастық бойынша заңды топ болғанымен, 1960 жылдары АҚШ пен Израиль Хамасты айыптағандай оны террористік ұйым деп атады. 2006 жылы Палестинада өткен соңғы сайлауда Хамас жеңіске жетті.
Абу Ияд деген атпен белгілі Халаф Эрик Рулоның сұқбатын негізге алып «Отансыз палестиналық» кітабын жазды. Ол Иргунның Дейр Ясин қырғынының нәтижесінде отбасының Яффадағы үйлерін тастап, Газаға қоныс аударуға мәжбүр болғанын анық суреттейді.
Ресми мәлімдемелерге керісінше Халаф 1948 жылдың сәуір айындағы шабуылда 250-ден астам палестиналық сионистік лаңкестік топтардың қолынан қаза тапқанын және еврей қылмыскерлерінің отызға жуық жүкті әйелдің ішегін шығарып, көп адамның денесін шоқпармен тескенін айтты.
Халафтың айтуынша Дейр Ясин қырғыны сионистердің палестиналықтарға қарсы этникалық тазарту науқанындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болды және олар сол уақыттан бері зардап шегуде. Палестинаның Салиха және Лидда сияқты қалаларындағы сионистік қырғындар Дейр Ясиннен кейін де жалғасын тауып, палестиналықтардың «Накба» деп аталатын жаппай көшіне себеп болды.
Халаф 1948 жылдың басында Хагананың Бегиннің Иргуны сияқты сепаратистік ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта әрекет етіп, сионистердің қиялындағы еврей мемлекетінің жерлерінен араб елді мекендерін тазарту үшін тұрақты шабуылдар жасағанын атап өтті.
«Дейр Ясиндегідей қырғындардан қорқып, жүздеген мың палестиналық қауіпсіздік іздеп өз елдерінен кетуге шешім қабылдады», - деді Халаф.
Палестиналықтар өз жерлерін қайтарып алатынына сеніп, «тезірек отанымызға ораламыз» деп үміттенді. Бірақ олар ойлағандай болмады.
Еуропадан және басқа жерлерден келген еврей иммигранттар сионистік қарулы топтардың көмегімен Еврей агенттігі тарапынан Палестинаға орналастырды.
Палестина халқының бұл қоныс аударуы бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Өйткені Израиль Батыс Шерияда заңсыз қоныстар салуды жалғастыруда.
Жылдар бойы Бегин басқарған Иргун БҰҰ, АҚШ және Ұлыбритания тарапынан лаңкестік топ деп танылды. Мұндай қатаң айыптауларға қарамастан Бегин Израильдің оңшыл саяси партиясы Херутты құрды. Бегин 1977 жылы Израильдің алтыншы премьер-министрі болды. Кейінірек Херут қазіргі премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың Ликуд партиясымен қосылды.
Бас тарту болмайды
Палестина тойтарыс ұйымы төрағасының орынбасары, барлау басқармасының басшысы және Палестина қарсыласу тобының өмір бойы жетекшісі болған Ясир Арафаттан кейінгі екінші ең қуатты басшы «Фатх» жетекшісі болған Халаф палестиналықтардың ешқашан өз жерін тастап кетпеуі керектігін айтты. «Өткенге көз жүгіртсем, менің отандастарым араб елдеріне сеніп, еврей отаршыларға қарсы елді қорғамай қателесті деп ойлаймын. Олар кез келген жағдайда қарсы тұру керек еді. Сионистер оларды толық жоя алмады. Көпшілігіміз үшін жер аудару өлімнен де жаман болды», - деді Халаф.
Газа халқы екінші Накба сияқты бұл оқиғада қоныс аударуға мәжбүр болса, Халафтың ескертуі Хамастың басшылығына әсер етуі мүмкін.
Израильдің тарап кеткен ресми құжаттары Тель-Авивтің Накбадағы сияқты палестиналықтарды Газадан қуғындауды жоспарлап отырғанын көрсетеді.
Израиль армиясы бір айдан астам уақыт бойы Палестина аймағына зымырандарымен шабуылдап, 1940 жылдарда Дейр Ясир және басқа аймақтарда болғандай он мыңнан астам адамды, соның ішінде әйелдер мен балаларды өлтірді.