«Луврдың жаңа ренессансы» деген атаумен жарияланған жоба аясында Леонардо да Винчидің «Мона Лиза» шедевріне арнайы бөлме салынады. Сонымен қатар Еуропалық Одақ елдерінен (ЕО) басқа елдерден келушілерге кіру ақысы көтеріледі.
«Мона Лиза» үшін арнайы бөлме
Жобаның ең басты ерекшелігі - Леонардо да Винчидің әлемге әйгілі «Мона Лиза» туындысы үшін арнайы бөлме салынуында. Мұражай қарбалаңын азайту мақсатында жасалған бұл шара келушілерге картинаны ыңғайлы әрі тәртіппен тамашалауға мүмкіндік береді.
Жаңа кіру бөлімі және модернизация
Жөндеу жұмыстары аясында Сена өзенінің жағасында 2031 жылы ашылуы жоспарланған жаңа есік салынады. Бұл есік мұражайға келушілер санының артуына, мұражай қызметінің жақсаруына мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұражайдың бұрыннан бар нысандары да жаңартылады.
Қаржы және бюджет
Жобаның құны шамамен 800 миллион еуроны құрайды деп күтілуде. Бұл шығындар билет сату, демеушілік және Луврдың Абу-Даби бөлімшесінен түсетін кіріс есебінен жабылады. Музей өкілдерінің айтуынша шығынның жартысы жаңа есік құрылысына жұмсалады.
Билет бағасының өсуі
Жаңарту жобасы аясында Еуропалық Одақтан тыс елдерден келетін туристер үшін кіру ақысы көтеріледі. Билет ақысынан түсетін пайда мұражайдың тазалық және пайдалану шығындарына жұмсалады.
Құрылымдық мәселелер және оларды шешу жолдары
Лувр мұражайының ескі құрылымына байланысты судың ағуы және температураның өзгеруі сияқты техникалық мәселелері бар. Жөндеу жобасы аясында бұл мәселелер шешіліп, мұражайдың баға жетпес өнер туындылары үшін қауіпсіз орта орнайды. Сонымен қатар ескі пирамида кіреберісі заманауи әрі функционалды есікке ауыстырылып, асхана мен дәретхана да жаңартылады.
Келушілер саны
Лувр мұражайы 2023 жылы 8,7 миллион қонақ қабылдады. Қолданыстағы инфрақұрылым жылына 4 миллион келушіні қабылдауға арналған. Сондықтан жаңарту жобасы келушілер санының артуына қолайлы орта құруды көздейді.
Лувр мұражайындағы бұл күрделі жөндеу жобасы мұражайдың болашағы үшін маңызды. Жоба аяқталғаннан кейін мұражай келушілер мен өнер туындылары үшін жақсы орта болады деп күтілуде.