ТҮРКИЯ
4 минут оқу
Корея соғысының 70 жылдығы: Оңтүстік Корея халқы әлі де құрметпен еске алатын түрік сарбаздары
Соғыс 1950 жылдың 25 маусымында Солтүстік Кореяның оңтүстіктегі көршісіне шабуыл жасауымен басталып, 1953 жылы аяқталды, бірақ оның мұрасы әлі күнге дейін әлем халқының жүрегінде сақталуда.
Корея соғысының 70 жылдығы: Оңтүстік Корея халқы әлі де құрметпен еске алатын түрік сарбаздары
8 小时前

73 жыл бұрын Түркия парламенті сол кездегі премьер-министр Аднан Мендерестің Солтүстік Кореяның агрессиясына қарсы Оңтүстік Кореяны қорғау үшін әскер жіберу туралы ұсынысын мақұлдады. Солтүстік Корея бұл соғыста Қытай мен Кеңес Одағының қолдады.

Түрік бригадасы тез арада "айрықша жасақ" деген атаққа ие болды. Олардың майталмандығы мен батылдығы Батыс одақтастығының басқыншы әскерді жеңу жолындағы күш-жігерін арттырды. Көптеген оңтүстіккореялық бұл бригаданы әлі күнге дейін құрметпен еске алады.

"Мен соғыстың еш жерде қайтадан болғанын қаламаймын, бірақ ол басталса, одан қашып құтыла алмайсың," – дейді 96 жастағы Корея соғысының ардагері Мұстафа Реджбероғлу, “TRT World” арнасына берген сұхбатында.

Реджбероғлу соғыс естеліктерін еске алған сайын көзіне жас алады:
"Біз Анкарада екі ай дайындықтан өттік. Бір күні таңертең пойызға мініп, Искендерунға жеттік. Сол жерден кемеге отырып, Суэц каналынан өттік. Мұхиттарды да кесіп өттік, күндер бойы сапар шегіп, ақыры Кореяға жеттік. Біз көптеген қиындыққа тап болдық. Түркиядан бірге барған достарымыздың кейбірі сол жерде қаза тауып, мәңгілікке қалды. Сол күндерді еске алсам, көңілім босайды," – дейді ол.

Қарым-қатынастар үшін берік негіз

Түрік бригадасы Кореяға келген алғашқы шетелдік әскери күштердің бірі болды. Ол соғыстың бағытын өзгертуге айтарлықтай әсерін тигізгенімен, бұл жетістіктер үлкен құрбандықтарды қажет етті. Оңтүстік Кореяны қорғау кезінде кемінде 900 түрік сарбазы қаза тапты. Олардың 462-сінің сүйегі Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы БҰҰ-ның Корея мемориалдық зиратында жатыр.

"Корея соғысының аяқталуының 70 жылдығында өмірі қиылған барлық шейіттерімізді құрмет және ризашылықпен еске аламыз," – дейді Түркияның Оңтүстік Кореядағы елшісі Мұрат Тамер.

"Түрік әскері Корея соғысында үлкен ерлік көрсетті және соғыстың бағытын шешуші түрде өзгертті. Олар Гёнгидо провинциясының Йонг-ин қаласындағы Кумянджан-ни шайқасында жеңіске жетіп, сол уақытқа дейін шегінуге мәжбүр болған БҰҰ күштеріне дем алып, қарсы шабуыл жасауға мүмкіндік берді," – деп атап өтті Тамер “TRT World” арнасына берген сұхбатында.

Корея соғысы Оңтүстік Корея мен Түркия арасындағы тығыз екіжақты қарым-қатынастың қалыптасуына негіз болды және уақыт өте күшейе түсті.

"Корея соғысы екі ел мен екі халық арасындағы қарым-қатынастар үшін оң негіз қалыптастырды. Әскерлеріміздің иық тіресе шайқасуының арқасында Түркия мен Оңтүстік Корея бір-біріне 'қанмен байланысқан бауырлас елдер'. Біз осы іргетасқа негізделген екіжақты қарым-қатынастарды барлық салада дамыту үшін табанды түрде жұмыс істеуді жалғастырамыз," – деді Тамер.

Түрік сарбаздары соғыс аяқталғаннан кейін бірден еліне қайтқан жоқ, олар 1971 жылға дейін НАТО-ның бітімгершілік күштері ретінде Оңтүстік Кореяда қалды.

Айла: соғыс майданындағы жетім

Корея соғысындағы түрік сарбаздарының құрбандықтары тек ұрыс майданындағы ерліктерімен шектелген жоқ.

Корея соғысына қатысқан елдер арасында Түркия соғыста жетім қалған кореялық балаларға арнап мектеп салған жалғыз мемлекет болды. Сол соғыс балаларының бірі Ким Ынджа немесе кейін танылған есімімен Айла еді.

Кейінірек фильмге айналған Айланың оқиғасы адамзатқа деген сенім ұялататын шынайы оқиғалардың бірін баяндайды. Соғыстың ең ауыр кезеңдерінің бірінде бір түні түрік сарбазы Сүлейман Дильбирлиги ұрыс даласында ата-анасынан айырылған 5 жасар кореялық қызды кездестіреді.

Сүлейман кейіннен қыздың "Ай секілді жүзі бар еді" деп айтып, оған түрікше "Ай мен жұлдыздардың айналасындағы жарық шеңбері" деген мағына беретін Айла есімін бергенін жеткізеді.

Сүлейман Айланы түрік әскери лагерінде 15 ай бойы өсіріп, қамқорлық жасайды. Түркияға оралар уақыты келгенде, ол Айланы Кореяда түрік әскері салған Анкара мектебіне орналастыру үшін жоғары шенді әріптестерінің көмегіне жүгінеді.

Сүлейман үшін Айланы артта қалдыру қиын шешім болды. Ол қызды Түркияға алып кетіп, өз қызы сияқты тәрбиелеуді армандады. Тарихи деректерге сәйкес, Сүлейман Айланы елден алып шығуға әрекет жасап, оны чемоданға салып алып өтпек болған, бірақ бұл жоспары жүзеге аспады.

Сүлейманның Корея соғысы кезіндегі досы Мұстафа Реджбероғлу оның Айланы әскери базаға алғаш әкелген сәтін әлі күнге дейін анық есінде сақтайтынын айтады.

"Мен Айланы үнемі көретінмін," – дейді Реджбероғлу.

Оңтүстік Кореяның Түркиядағы елшісі Вон Ик Ли де түрік әскерінің Корея соғысындағы жанқиярлығы мен ерлігін атап өтіп, олардың "кореялықтардың жадында ерекше із қалдырғанын" айтады.

"Түркияны да қоса алғанда, көптеген елдің сарбаздары Корея соғысына қатысып, елдің бостандығы мен демократиясын қорғап, қазіргі Корея Республикасының өмір сүруіне мүмкіндік берді. 70 жылдан астам уақыт өтсе де, Корея Республикасы бұл құрбандықтарды ұмытқан жоқ және мәңгілік алғыс білдіреді," – деді Ли “TRT World” арнасына берген сұхбатында.

Соғыстан 60 жылдан астам уақыт өткен соң журналистер Айланы балалық шақтағы суреттері арқылы іздеп тауып, оның арқасында Айла мен Сүлейман Сеулдегі Анкара паркінде қайта қауышты.

Сүлейманды тану қиын еді, ол қатты қартайған болатын, ал Айла орта жастағы әйелге айналған. Ұзақ жылдардан кейін бірін-бірі көрген қос жүрек толқып, көздеріне жас алды.

Іздеу
Судан тамыздың басында тырысқақты індет деп жариялады
Оңтүстік Кореяның депутаттары президенттің әскери жағдай жариялауын қабылдамады
Түркия ұшқышсыз ұшақ аппараты секторында Қытай мен АҚШ-ты басып озып, көшбасшы атанды
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
Президент Ердоған: "Ливандағы атыстың тоқтатылғанына қуаныштымыз"
Трамп экспансионист пе? Америкадағы АҚШ оккупацияларына көзқарас
Нетаньяхудың Израиль сот жүйесін қайта қарастыруға талпынысының шынайы себебі
Иран соғысқа қарсы Трамп пен қауіпсіздікке бей-жай қарамайтын діни қызметкерлердің арасында
Нан алуға барған бала Израиль шабуылынан қаза тапты
Жоғалған ұрпақ: Гаитидегі балалар қылмыстық топтардың құрбанына қалай айналуда?
Вашингтонның Қытайдың Африкадағы ықпалын шектеу ұмтылыстары сәтсіздікке ұшырауда
Непал әйелдері гүл жинауды түрлі-түсті индустрияға айналдырды
Кенияда мүйізтұмсықтарды қорғау үшін жасанды интеллект іске қосылды
«Өзеннен теңізге дейін» сөзі нені білдіреді?
Ғарышта ауыл шаруашылығы: үлкен келешегі бар кішкентай өсімдік
TRT Global-ды көріп алыңыз. Өз пікіріңізбен бөлісіңіз!
Contact us