Адамдар неше жаста қартая бастайды?
Адамдар неше жаста қартая бастайды?Зерттеу қартаюдың «кезеңдермен» болатынын көрсетіп, бізді қартаю туралы білетінімізді қайтадан қарастыруға мәжбүр етеді. Бұл подкастте қартаю «кезеңдерін» түсінудің бізге қалай көмектесетінін зерттейміз.
FP Қартаю Өнері
24 de febrero de 2025

Жылына бір рет туған күнімізді тойлаймыз!

Кейде бұл күн— маңызды кезеңді белгілейтін қуанышты оқиға. Ал кейде— біздің қартайып бара жатқанымызды еске салатын көңілсіз мереке. Бірақ біз қашан шын мәнінде "қартаямыз"? Жасымыз тек сан ба, әлде біз өзімізді шын мәнінде қалай сезінетініміз бе?

Көп адам қартаюдың баяу жүретінін, жылдар бойы, күндер бойы, тіпті секунд сайын жалғасатынына сенеді.

Ал сіз қартайғаныңызды күтесіз бе? Мысалы ежелгі грек философы Платон сияқты. Ол қартаюдың жастық шақтың алаңдаушылықтарынан азат ететініне сенген. Ал мүмкін сіз уақыттың өтуіне алаңдайтын шығарсыз. Тіпті Аристотель сияқты. Ол қартаюды табиғи құлдырау деп санаған.

Бірақ бұл қызықты зерттеу қартаюға деген көзқарасымызды өзгертуі мүмкін.

АҚШ-тағы Стэнфорд университеті мен Сингапурдағы Наньян технологиялық университетінің ғалымдары қартаю процесін зерттеу үшін бірікті. Олар "биомаркерлерді" - денемізде молекулалық деңгейде не болып жатқанын көрсететін сигналдарды зерттеді.

Зерттеуге 25-75 жас аралығындағы әр түрлі әлеуметтік топтан шыққан 108  адам алынды. Бұл кісілердің молекулалары әр 3-6 ай сайын тексеріліп тұрды. Ғалымдардың тұжырымдары таң қалдырады: біз біртіндеп емес, белгілі «кезеңдермен» қартаямыз.

Олар денеміздің тез қартаятын екі кезеңін анықтады: шамамен қырық төрт және алпыс жаста. Осы кезде қартаю жылдамдайды! Бұл кезеңдер тіпті машинада газ педалін басқан сәтке ұқсайды.

Және осы кенеттен қартаюмен бірге денсаулық мәселелері көбейеді. Әсіресе жүрек-қан тамырлары, бүйрек аурулары және екінші типті диабет қаупі.

Қартаю белгілі бір уақытта келмейді. Керісінше зерттеушілер оны "толқындар" ретінде сипаттайды.

Зерттеудің бас авторы Стэнфорд университетінің Геномика және Дербес медицина орталығының директоры профессор Майкл Снайдер бұл екі кезеңнің күрделі өзгерістер уақыты екенін айтты.

Зерттеу сондай-ақ 55 жас сияқты басқа да маңызды жастарды атап өтті. Бұрынғы зерттеулер әйелдердің қартаюы менопаузамен байланысты болуы мүмкін деп болжаған, бұл әдетте әйелдер 45-55 жас аралығына жеткенде болады. Алайда бұл зерттеу осы кезеңнің ер адамдарда да болатынын анықтады.

Сонымен неліктен бұл тұжырымдардың барлығы маңызды?

Бұл зерттеулер науқастарға да, дәрігерлерге де әр түрлі ауруларды мұқият емдеуге көмектесе алады.

Олар бізге белгілі бір жаста - мысалы 44, 55, 60 және 75 жаста белгілі бір аурудың қауіптерін түсінуге көмектеседі.

Сонымен қартаюдың бұл "толқындарымен" күресу үшін қолымыздан не келеді?

Бұл зерттеу 44 немесе 60 жасқа толудан қорқу туралы емес. Бұл көбінесе осы кезеңдерде біздің денемізге қосымша күтім қажет екенін түсіну туралы. Жақсы тамақтану, жаттығу жасау, күйзелісті басқару және уақытында су ішу әрқашан маңызды, бірақ әсіресе осы жастарда.

Әркім әр түрлі қартаяды және бұл зерттеу қартаюдың үлгілері мен қауіп-қатерлері туралы ақпарат берсе де, бұл кезеңдер барлығы үшін бірдей емес.

Бұл зерттеу бізді қартаюдың салдарымен күрескенше, алдын ала ескертіп, осы кезеңдерге дайындайды.  Денемізді жақсы түсіну арқылы біз маңызды өзгерістерге дайын бола аламыз.

Тіпті толқындар келгенде қайықты басқару сияқты. Толқындарға алдын ала дайын болу керек.

Назарларыңызға көп рақмет! Келесі кездескенше жаңа ақпараттан хабардар болып тұрыңыздар!

Іздеу
Судан тамыздың басында тырысқақты індет деп жариялады
Оңтүстік Кореяның депутаттары президенттің әскери жағдай жариялауын қабылдамады
Түркия ұшқышсыз ұшақ аппараты секторында Қытай мен АҚШ-ты басып озып, көшбасшы атанды
Трамп-Нетаньяху қарым-қатынасында жаңа дәуір: адалдық пен шиеленіс
Президент Ердоған: "Ливандағы атыстың тоқтатылғанына қуаныштымыз"
Трамп экспансионист пе? Америкадағы АҚШ оккупацияларына көзқарас
Нетаньяхудың Израиль сот жүйесін қайта қарастыруға талпынысының шынайы себебі
Иран соғысқа қарсы Трамп пен қауіпсіздікке бей-жай қарамайтын діни қызметкерлердің арасында
Нан алуға барған бала Израиль шабуылынан қаза тапты
Жоғалған ұрпақ: Гаитидегі балалар қылмыстық топтардың құрбанына қалай айналуда?
Вашингтонның Қытайдың Африкадағы ықпалын шектеу ұмтылыстары сәтсіздікке ұшырауда
Непал әйелдері гүл жинауды түрлі-түсті индустрияға айналдырды
Кенияда мүйізтұмсықтарды қорғау үшін жасанды интеллект іске қосылды
«Өзеннен теңізге дейін» сөзі нені білдіреді?
Ғарышта ауыл шаруашылығы: үлкен келешегі бар кішкентай өсімдік
TRT Global-ды көріп алыңыз. Өз пікіріңізбен бөлісіңіз!
Contact us